Эссе
Тақырыбы: Жаңаша мектепке – қазіргі заманғы ұстаз .
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады (К. Д. УШИНСКИЙ)
Мен бүгінгі таңда білім беру саласында 2 жыл еңбек етіп келемін. Бұл аз ба, көп пе, бірақ мен үшін ұмытылмас, қызықты жылдарым.
Әр бала бір әлем ғой. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін сезінемін. Сондықтан да менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым да өте жоғары. Бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы дәл осындай.
Педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілікпен жетілдіруге болатынына еңбек жолымда көзімді жеткіздім.
Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек.