6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Сабақтың мақсаты:
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешуді үйрену
2. Математикалық, логикалық ой қабілетін дамыту
3. Оқушыларды ұқыптылық, реттілік, тиянақтылыққа баулу
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру сабағы
Сабақтың жабдықталуы:
1. Интерактивті тақта
2. Слайдтар
3. Жұмыс дәптері
4. Оқулық
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырма тексеру
3. Ой шақыру
4. Жаңа сабақты талдау
5. Ой жинақтау (қалыптастыру, дағдыландыру жаттығуларын орындау)
6. Үй тапсырма беру
7. Бағалау
Үй тапсырма тексеру
Ой шақыру
(өткен сабақты жаңа сабаққа байланыстыру)
1. Айнымалы дегеніміз не?
Орнына сан қоюға болатын әріпті айнымалы деп атайды
2. Коэффициент дегеніміз не?
Санды көбейткішті коэффициент деп атайды. Әріпті өрнектің
алдына жазылады.
- 1 коэффициентінің орнына минус таңбасы қойылады.
3. Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?
Әріпті өрнектері бірдей, ал коэффициенттері бірдей немесе
әртүрлі болатын қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады. Мысалы: 7 ах - ( 2 b y - 3 ax + 2 b y)
4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу мен теңсіздіктің мәнінің (шешуінің) айырмашылығы неде?
Теңеудің шешімі нақты бір сан болса, теңсіздіктің шешімі сан аралығы болады.
5. Сан аралықтың неше түрі бар?
6 түрі бар:
1. минус шексіздіктен плюс шексіздікке дейінгі сан аралығы
2. сәуле
3. ашық сәуле
4. кесінді
5. интервал
6. жарты интервал
6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің мәнін табу үшін теңсіздікті қалай түрлендіреді?
Мәндес теңсіздікпен алмастыру арқылы түрлендіреді.
4 ереже бар:
7. Мәндес теңсіздік деп нені айтады?
Шешімдері бірдей болатын немесе шешімдері болмайтын теңсіздіктер мәндес теңсіздіктер деп аталады.
“Миға шабуыл”.
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу