Бүгін менің туған күнім

Скачать

Тақырыбы: Бүгін менің туған күнім!
Мақсаты: 1. Оқушыларды Мұқағалидың өмір жолымен, шығармаларымен таныстыру
2. Оқушылардың өлең оқу, икем - дағдыларын арттыру, тілін жаттықтыру, сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табандылыққа, поэзияны сүюге, Отанды, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кітап, журналдар көрмесі, ақын суреттері, слайдтар

Барысы: Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата - аналар! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Биылғы жылы ақиық ақын тірі болғанда 83 жылға толар еді. Тума талант бұл күнде барша қазақтың жүрегіне берік орныққан. Ол туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті, Жаратушы иесі тумысынан бөлекше дарынмен дараланған ақиық ақын. Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке, жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырларына үңілген әркімнің жансарайы кеңіп сала берері анық.

1 - оқушы: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен аздап ұстаздығы болған қарапайым ғана шаруа адамы екен. Ақынды әкесі Тиын баққандықтан шешесі Нағиманды Нақа деп атаса керек. Ақынның асқар таудай биіктігі, Шалкөде жайлауындай кеңдігі, шалқыма көңілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!

2 - оқушы: Қарасаз
3 - оқушы: Бұзылған үй
4 - оқушы Мұқағали өлең шығаруды ерте бастады. Ақынның сыныптасы Әбдіке Асанов былай деп еске алады: Мұқағали 9 - 10 жасында - ақ өлеңдетіп жүретін. Біреуге айтар сөзін өлеңмен білдіретін. 3 сыныпта Қасым Жайылмасов оқытты. Өте сауатты ұстаз еді. Мұқағали өлеңдерін сол кісіге көрсетті. Ол кісі Келешекте сен ақын боласың деп мақтайтын.
5 - оқушы: Поэзия менімен егіз бе едің?


Скачать


zharar.kz