Доп сөзін текшемен жазыңдар

Скачать

Тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Мақсаты:
1) Дд дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
2) Сөйлем ойлап табуына назар аударып, сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3) Ертегі - саяхаты арқылы балалардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе әріптер, касса, карточка, суреттер, текшелер.

Іс – әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
- Балалар шаттық шеңберіне тұрайық.
Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн!
Жан досым,
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым!

Бір – бірімізді қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сабаққа жақсы қатысайық.
АКТ.
- Балалар, бүгінгі сабақта Білім еліне саяхатқа шығамыз. Білім еліне барар жолда әр түрлі кедергілер кездеседі. Кедергілерден өту үшін, тапсырмаларға жауап береміз.
1 - кедергі. Өзеннен өту.
- Әріп дыбыстан өткен әріптерді атау.
- Әріп - тастамақ ойыны.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қай үйге апарамыз? Неліктен?
- Ал дауыссыз дыбыстарды қай үйге апарамыз? Неліктен?
Сұрақ – жауап: - Дыбыс деген не?
- Оны не істей аламыз?
2 - кедергі: Орманнан өту.
Қане, бірге оқиық.
3 - кедергі: Таудан өту. Ребус шешу. Сөз құра, ойла!
- Сергіту сәті
- Өте жақсы, балалар. Кедергілерден өтіп Білім еліне жеттік.
- Мақсатымыз жаңа білім алып, білімімізді шыңдау.
Ол үшін білімдеріңді, жақсы істеріңді көрсете білу керек.

Ұйымдастыру - іздестіру Жаңа білім.
Жұмбақ
- Сол аяқ пен оң аяқ, Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді.
- Доп қай әріптен басталады?
- Ендеше бүгін Дд дыбысымен танысамыз.
- Баспа, жазба түрін көреміз.
- Дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
- Қандай текшемен белгіленеді?
- Доп сөзін текшемен жазыңдар. Буынға бөл, неше буын?
- Дыбыстық талдау жасаймыз.
Доп суретін үлестіремін.
- Доппен қандай ойын ойналады?
- Домбыра, велосипед, Айдана. Д дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді.
- Балалар, ал қазір үлгі бойынша Д дыбысының бас әрпін және кіші әрпін бастырып жазайық.
Ауада жазу. Дәптер көзіне жазу.
- Жаңылтпаш.
Топ бала топтана, Қуып жүр, допты ала.
- Көз жаттығуы.
- Қане, бірге оқиық.
- Сөйлем құра, ойла.
- Сөз құра, ойла.

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін
орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Абишева Зада Нуркановна


Скачать


zharar.kz