Басылып бойдың шөккені, Жылдардың жүгі өткені

Скачать

Ескен Елубаев өлеңдері

Жүрек
Шашыңа ақтың енгені,
Қарттықтың хабар бергені.
Көзіңнің нұры тайғаны,
Таусылып көзмай талғаны.
Шала естіп құлақ қалғаны,
Тозуға бетті алғаны.
Өткір тіс босап жатқаны,
Мүжіліп сан жыл тапқаны.
Көбейсе беті ң әжімге,
Ескіріп өңі қажуы.
Басылып бойдың шөккені,
Жылдардың жүгі өткені.
Белгілі бастан баяғы,
Өмірдің осы аяғы.
Қартая берсін бәрі де,
Тек жүрек соқсын әлі де.
А, құдай берсін тілекті,
Қартайтпасыншы жүректі.
Шаршаса жүрек, өйткені,
Бір күні саудаң біткені...

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы №8орта мектебі
3 сынып оқушысы Тлекбайқызы Мариям

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz