Электр энергиясын үнемдеудің қарайым жолдары
Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық - түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде. Ал XXI - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т. с. с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ Астана қаласында Болашақтың энергиясы тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО - 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда. Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған азамат ретінде өз үлесімді қоспақшымын.
Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілікке шақыру. Ата - бабаларымыздың, судың да сұрауы бар деп тегін айтпағанын келер ұрпаққа жеткізу.
Электр энергиясын үнемдеудің қарапайым бір жолы...
Біздің өмірімізді электр энергиясынсыз, соның ішінде жарық шамдарынсыз елестету мүмкін емес. Кезінде Ыбырай атамыз
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар деп... болашақта адамдардың жарық шамын табатынын, оның өміріміздің айрылмас бөлшегі болатынын айтып кеткен. Қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зиянын есептей беріңіз. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деп толғанып көрейік.
Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС - ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынын ескерейік. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз...