Мағынаны тану Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату

Скачать

Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
51. Өнімділік, жұмысқа жұмсалған уақыт, атқарылған жұмыс арасындағы тәуелділікке берілген есептер және оларға кері есептер.
52.Доп тосқышқа
53. Егіннің түсімділігі, ауданы, өнім массасы арасындағы тәуелділікке берілген есептер, оларға кері есептер.
54. Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай.

Үлгі:
Сабақтың тақырыбы: Өнімділік, жұмысқа жұмсалған уақыт, атқарылған жұмыс арасындағы тәуелділікке берілген есептер және оларға кері есептер
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор
Сабақтың жабдығы: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар
Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарып, өзара және кері есептер құрастыра алуға және өрнектердегі амалдар ретін білуге үйрету.
Оқыту нәтижесі
Сабақ кезеңдері: Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарып, өзара және кері есептер құрастыра алады және өрнектердегі амалдар ретін сақтап шығара алады.
Әдіс - тәсілдер: Топпен жұмыс Ойлан, жұптас, бөліс әдісі, жұппен, жеке жұмыс, Көңілді эстафета ойыны

Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
Бағалау парақшасымен таныстыру

Үй тапсырмасын пысықтау
№8 есепті қалай шығарғандықтарын оқыту. Бір - бірінің есебімен салыстырту.

Қызығушылықты ояту Ауызша есеп:
- Көлемнің өлшемдерін ата
- 3м, 12дм, 150м2, 35т, 16ц, 80кг, 60мин, 2 сағ
Бұларды қалай атауға болады?
- Олардың ерекшеліктері неде?
- Мұнда қандай шамалардың өлшем бірліктері берілген атаңдар
- Ал уақыт шама болып табылады ма?(ия, уақытты өлшеуге болады, оны санмен жазуға болады)
- Ал уақыттың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

Мағынаны тану Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.
Дәптермен жұмыс.
Күн жадын жазғызу
№1 тапсырманы ауызша орындату.
Жаңа материал болғандықтан №2 тапсырманы түсіндіріп өту.
Есеп кесте арқылы қысқаша берілген
Өнімділік - 10 әшекей
Жұмыс уақыты - 8 сағат
Жұмыс көлемі -?
Ш: 10*8=80
Ж: 80 әшекей
Кері сеп құрату
Барлығы 80 әшекей
Уақыт - 8
Өнімділік?
Ш: 80: 8=10
Ж: 10 әшекей

Барлығы 80 әшекей
Уақыт -?
Өнімділік10
Ш: 80: 10=8
Ж: 8 сағат
Қорытынды шығарту
Өз бетімен жұмыс№3
Жыртуы керек - 6 га
2 тракторшы 3 күнде -? га
5 күнде -?
10 күнде -?
Ш: 6*3=18 18*2=36 (3 күн)
(6*5)*2=60 (5 күн)
(10*6)*2=120 (10 күн)
Жұппен жұмыс №4
Ш: 40: 8=5
(16*5)*2=160 (16 сағ) (24*5)*2 =240 (24 сағ) (32*5)*2 =320 (32 сағ)
Топпен жұмыс Ойлан, жұптас, бөліс әдісі
№5, 6
Есептерді нұсқасына қарай 3 топқа бөліп орындату
№7 тапсырманы Көңілді эстафета түрінде орындату
№8 Есепті теңдеу құрғызу арқылы шығарту
Х*100=10200
Х=10200: 100
Х=102
102*100=10200 осылайша орындату

Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс Тест
1. Бірінші кластың 14 бірлігі мен екінші кластың 14 бірлігі бар санды тап
А) 101441
Б) 140014
С) 14014
Д) 104014
2. 9 бен 7 - нің айырмасын 9 - ға көбейт, мәнін тап.
А) 810
Б) 81
С) 118
Д) 18
3. Амалдарды орында: (842+19)+910
А) 1011
Б) 1771
С) 1010
Д) 991
4. Амалды орында: 2мин 30сек - 56 сек
А) 1мин 34с
Б) 1мин 36с
С) 1мин 44с
Д) 2 мин 30с
5. Сағатпен өрнекте: 4 тәул. 18 сағ
А) 114сағ
Б) 73сағ
С) 96сағ
Д) 22сағ
6. (548+452)- 100
А) 700
Б) 900
С) 600
Д) 800
7. Теңдеуді шеш: 450: х=9
А) 50
Б) 405
С) 459
Д) 441

Сабақты бекіту: Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы: №9 түсіндіру Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау: Бағалау парақшасын толтырады
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5 жүктеу

Толық нұсқаны қарау


Скачать


zharar.kz