Ақтөбе қаласы, Ақтөбе медициналық колледжінің
"Сестралық іс" тобының студенті
Тауашова Шаттыгүл Жетесқызы
Табиғат - әлемнің, адамның ажырамас бөлігі. Табиғатсыз бұл әлемді елестету мүмкін емес. Табиғат - ол бізді қоршаған орта. Біздің денсаулығымыз, тыныс алатын ауамыз, ішіп - жейтін тағамымыз барлығы осы табиғатпен тығыз байланысты. Осы айтылған заттардың барлығын біз табиғаттан аламыз. Табиғат құбылмалы болып келеді.
Бізге табиғаттың төрт мезгілі белгілі: жаз, қыс, көктем, күз. Бұл мезгілдердің барлығы да өз кереметімен ерекшеленеді. Осы төрт мезгілде тау, тас, өзен - көліміз, ағашымыз түрлі түске боялып, өзгеріп отырады. Олардың әрқайсысына жеке тоқталып айтсақ та, кереметін тауысып, жеткізе алмаймыз. Мысалы: қыс. Қыста жер беті ақ көрпеге оранып, таулардың, жердің үстін ақ қар басады. Осы ақ қар, қырау, бұршақтардың барлығы біз үшін тылсым дүние. Аяз, боран барлығы адамзат баласына ерекше әсер етеді. Қанша ызғар далада жүрсең де, қыстың аппақ сұлу келбетіне қарап, көзіңді тойдыра алмай, тоңғаныңды ұмытып кетесің.
Қыстан кейін әрине - көктем. Ағаштың гүлдеп, бүршік атқаны, табиғат жер ақ көрпесін шешіп, айнала бірте - бірте жасыл түске орана бастайды. Көктем адамның іс әрекетіне ерекше әсер етеді. Адам баласы бұл мезгілде көбінесе шашыраңқы, әлсіз болады. Бұл мезгілде адамның көңіл - күйі де құбылмалы. Дегенмен де, осы көктем мезгілі біз үшін ерекше әсер қалдырады.
Ал жаз мезгілін айтар болсақ, жаз мезгілінде айнала толықтай дерлік жап - жасыл болады. Қоңырқай жел, ыстық ауа - райы барлығы өз ерекшелігімен белгілі. Жаз мезгілі адамды тамаша сезімге бөлейді. Құстардың даусы, өзен - көлдердің сыбдырлап аққаны барлығы да жанды бейне секілді.
Күз мезгілі - айналаның сары алтындай жадыраған кезі. Күз мезгілі адамды терең ойға батырады. Сарғайған жапырақтарға қарап отырып, тұңғиық ойға батасың. Осы күз мезгілінде табиғат аясында серуендеген өте керемет. Жалғыз күз мезгілінде ғана емес, барлық төрт мезгіл адам баласы үшін өте маңызды. Бізге белгілі табиғаттың төрт мезгілі – бірінен соң бірі жалғасып, айналып келіп отырады.
Табиғаттың тылсым сырларын айтып жеткізу мүмкін емес, ол жанды дүние секілді. Кей сәттерде, көңілің жабырқаған кезінде немесе қуанған сәттеріңде бар сырыңды осы әсем табиғатпен бөліскің келеді. Өз мұңыңды айтсаң, табиғат саған ерекше сезіммен жауап беретін секілді. Сыбдырлаған бұлақ дауысы, ағаштардың жайқалып жатқаны, жаңбырдың сіркіреуі, құстардың сайрағаны барлығы сенің ішкі жан дүниеңмен сырласып жатқандай көрінеді. Табиғатсыз бұл өмірді елестету мүмкін емес. Адам - табиғаттың бір бөлшегі болса, табиғат - әлемнің ажырамас бөлігі. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар, барлығы табиғаттың заңдылығы. Жәй ғана құр сөзбен табиғаттың тылсым сырларын айтып жеткізу мүмкін емес. Табиғат - өмірдің, адамның, тіршіліктің сәні десек те болады.
Қазіргі кезде табиғатта келеңсіз жайттар орын алып жатыр. Ормандар азайып, ағаштар сиреп жатыр. Әрине бұл адам экологиясына кері әсерін тигізеді. Адамзат әр уақытта табиғат заңдылығына бағынуы керек. Табиғатты әсем қалыпқа келтіру, ластануларды болдырмау, барлығы адамзаттың қолында. Табиғат өз көркемдігінен айырылса ол адам өміріне үлкен әсер етеді. Себебі, табиғатсыз адам өмірін елестету мүмкін емес. Табиғат болмаса, өміріміздің сәні кетер еді. Сол себепті табиғаттың гүлденіп, көркейе беруі үшін, қолдан келгеннің барлығын жасау керек. Мейлінше, қолдан келсе табиғаттағы келеңсіз жайттарды болдырмауымыз керек. Керісінше, табиғатымызды жаңғыртып, көгалдандырып, гүлдендіре беруіміз керек. Осы айтылғандардың барлығы әрине, біздің қолымызда. Себебі, адам баласынсыз табиғатта еш жайттар орындалмайды. Табиғатты өмір мәні деп біліп, оны көркейте берсек, біздің өміріміз де сол тылсым дүниедей көрікті де, көркем бола түсер еді. Бұл тылсым табиғаттың өмірімізде алар оны ерекше. Адамзат өмірі осы табиғатпен тығыз байланысты.
Мен табиғатты ерекше қастерлеймін. Табиғатты өміріміздің мәні деп білемін. Маған әсіресе жаздың кешкі мезгілінде табиғат аясында серуендеген қатты ұнайды. Қуанышымды да мұңымды да кей сәттерде табиғатпен бөлісемін. Табиғат маған ерекше күш беретін секілді болады. Әсіресе табиғат аясында отырып, өз ішкі жан дүниеммен бөлісіп, өлең жазғанды ұнатамын. Сол табиғат бейнесіне арнаған ішкі жан дүниемнен шыққан өлеңіммен шығармамды аяқтасам деймін.
О табиғат сен не деген көркем едің,
Мөлдіреп тұнып тұр ғой суың сенің.
Тау тастарың, өзен суың бәрі көркем,
Барша адамды таң қалдырар көркің сенің.
Су тіршілік көзі деген ұғым бар,
Сусыз өмір сүре алмас адамдар.
Ерекше бір сезімге бөлендірген,
Табиғаттың ерекше бір сыры бар.
Жердегі ерекше биік тұстарды тау дейді,
Биік таудан қысы жазы мұз кетпейді.
Тауда ол табиғаттың бір бөлшегі,
Ол болмаса табиғатқа сән кірмейді.
Табиғаттың ерекше ғой әрбір тұсы,
Жайнаған, үлбіреген гүлдер түсі.
Табиғатты сан мақтап, жыр жырлаған,
Рас емес пе ақындардың айтқан сөзі.