Фариза Оңғарсынова өлеңі
Би алаңында
Топталып тұрған жұртты жайпап еніп,
шақырдың биге қайта - қайта келіп.
"Мен сізді көптен көрем, сүйемдерді",
айныттың жүрегімді, айта беріп.
"Жоқ!" - дедім, ыза кернеп, тасыдымда,
Мазақ па әлде әзіл машығы ма?
... Досыммен биге айналып жүргенімде
жаңағы көзім түсті "ғашығыма":
Қаншама болсаңыз да жаста қызба,
ойнауды махаббатпен тастаңыздар.
Әлгіде - ақ маған айтқан "жүрек сырын"
айнытпай ақтарып жүр басқа қызға.