Есек пен қасқырдың таласы
Бір күні есек пен қасқыр шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікір таластырып ымыраға келе алмай, ақыры аң патшасы арыстанға барып төрелік етуін сұрайды.
Сот басталады. Әрқайсысы өз дəлелдерін айтып, өз пікірлерін алға тартады. Соттың үкімі шығар кезде барлығы əділ шешім күтеді. Ал арыстан болса, олардың үмітін су сепкендей басып, қасқырды бір айға абақтыға жабады. Ал есекті босатып жібереді.
Қасқыр таң қалып:
- Мырзам! Шөптің түсі жасыл емес пе еді? деп сұрайды. Арыстан:
- Әрине, - дейді. Қасқыр:
- Ендеше менікі дұрыс болса да не үшін маған қарсы үкім шығарып абақтыға жаптыңыз? - дейді.
Сонда арыстан:
- Есекпен бірге есек болып, тартысқаның үшін! - деп жауап берген екен.
***
Қиссадан алар ҒИБРАТ мынау: қазақта "өспейтін бала өнбейтін дауды қуады" деген сөз бар. Яғни ешқашан өзі мәселені жетік білмейтін, əрі біржақты қыңыр адаммен айтыспа. Пайдасы жоқ іске уақытыңды сарп етіп, өміріңді құр босқа өткізбе. Гүлдерді өсіретін найзағай емес, жаңбыр екенін ұмытпағайсың...
Дереккөзі: АСЫЛ АРНА телерадиокомпаниясы