Мұқағали Мақатаев Бас, ием менің

Скачать

Мұқағали Мақатаев

"Бас, ием менің.
Өзіңнен бұрын жаралғам.
Алдымен - менмін,
Сонан сон, - сенсің жаралған.
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,
Аяқ пен қолың -
Барлығы менен нәр алған.
Балғын шағыңда, өмірге жаңа аттанған,
Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам.
Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,
Кезің де болды, қайтейін, маған дақ салған.
Келеді сенің кей - кейде мені мұз еткің,
Бәріне көндім, қателігінді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа,
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,
Жан - ием, сенің жақсылығыңды аңсадым,
Өткіздім сені қаншама қауіп - қатерден
Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!..
... Қақың жоқ сенің дем алуға да, соқпауға,
Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға.
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге,
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!!!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz