Мамам гүлдің бағбаны

Скачать

а) Білімділік: жыл мезгілін ажыратып, ондағы өзгешіліктерді атай білуге, сурет салуда байланыстырып сөйлеуде білімділігін арттыру;
б) Дамытушылық: балалардың жеке қабілетін ашу, шығармашылық дербестігін дамыту, қызығушылығын арттыру, белсенділікті, ізденімпаздықты қалыптастыру, балалардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін сезім, талғам, таным қасиеттерін дамыту;
в) Тәрбиелік: балалардың эстетикалық адамгершілік сезімдеріне ықпал ету, өзіне сын көзбен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнектігі: бөлме гүлдері, сурет салуға қажетті құралдар, үлгі сурет.
Мет. әдіс: үлгі суретті талдау, қылқаламмен салу жолдарын көрсету, таныстыру, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт.
(балалар бәрі терезеден күнге қол созып)

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін
Күн нұры бізге жылу төге берсін.
Күндей жарық көңілді күн кешейік
Бәріміз тату дос боп бірге өсейік.
(бір - біріне күлкілерін сылау)
Тәрбиеші: - Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер.
Ақ сақалды атаны - ай,
Мінезінің шатағы - ай.
Балалардың жауабы:

Тәрбиеші:- Қыс айында қандай ерекшеліктер болады? Қыс айы сендерге несімен ұнайды?
Музыка ойналып, Қар Ханшайымы кіреді
- Мен барлық аймақты аралап келемін, шулаған дауысты естіп бұрылып едім, сендер екенсіңдер ғой.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Қар Ханшайымы. Қош келдіңіз, төрлетіңіз.
Қар Ханшайымы: - Менің жыл мезгілімде әбден тоңып шаршаған боларсыңдар. алада қатты суық болса да, сендердің топтарың жылы, әрі әдемі екен. Қыста әдемі бөлме гүлдерін өсіріпсіңдер. Балалар, мен сендерге құр қол келгем жоқпын. Мен сендерге жұмбақ жасырғалы тұрмын.
Тікен, тікен тік пісте
Қысы, жазы бір түсте
Ол не екен?
Балалардың жауабы: Шырша
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, біз оны қашан, қайда көрдік?
Оның түсі қандай?
- Өз тобымыздан жасыл түсті заттар табайықшы.
Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: - Балалар, енді біз Қар Ханшайымымен бірге табиғат бұрышына қарайықшы. Гүлдер 2 топқа бөлінеді дала және бөлме гүлдері болып.
- Біз гүлді не үшін өсіреміз?
- Оның қандай пайдасы бар?
- Гүлдерді қалай күтеміз?
Балалардың жауабы:
Қар Ханшайымы: - Балалар, менің сендерге өтінішім бар, осы табиғат бұрышындағы мына гүл маған қатты ұнап тұр, осы гүлдің маған суретін салып бере аласыңдар ма?
Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: - Ендеше, балалар, жайғасып Қар Ханшайымының тілегін орындайық.
1. Үлгімен таныстыру;
2. Сурет салып көрсету;

3. 1 - 2 баланы шығарып салғызу;
Қар Ханшайымы: - Балалар, сендер суретті жақсы салады екенсіңдер, маған салған суреттерің ұнады.
Тәрбиеші: - Балалар, сендердің салған суреттеріңнен әдемі етіп гүлзар құрастырайықшы. Міне, қандай тамаша гүлзар.
Осы гүлдерден ең әдемі салынған гүлді таңдайықшы. Кімнің салған гүлі әдемі, сол гүлді Қар Ханшайымына естелікке берейік.
Балалардың жауабы:
Қар Ханшайымы: - Рахмет, балалар. Енді мен қайтайын, сендерге бүгін риза болдым. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: - Бәріміздің бүгінгі көңіл - күйіміз тамаша болды. Ендеше, жақсы бір ән шырқайық.
Ән: "Мамам гүлдің бағбаны".


Скачать


zharar.kz