Түрік қағандығы

Скачать

Батыс Қазақстан облысы,
Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін
мектептің тарих пәні мұғалімі Т.А.Дюсегалиева

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түрік , қағанат атауларына түсінік беру, түрік қағандығының қоғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата - бабалары түріктердің жан - жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, тест, тірек - сызба, сәйкестендіру тесті, топтық жұмыс әдісі және ауызша баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Түркі дәуірінің картасы 2. Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті. 3. Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Сабаққа әзірліктерін тексеріп, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І кезең. Тарихи блиц. Әр топқа сұрақтар оқылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
І топ.
1. Қытайлық ежелгі деректерде ғұндар қандай атпен белгілі болды? (хунну)
2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болды? (Шунь – вей Шоң би )
3. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады? (Шаньюй)
4. б. з. б 188 ж болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімнің жеңісімен аяқталды? (ғұндар)
5. Ғұндар әскерінің негізін кімдер құрады? (атты әскер)
6. Еділ патша батыс ғұн империясының тағына отырған жылы? (434 ж)
7. Ғұндардың шабуылынан кейін ыдырай бастаған Рим империясының шығыс бөлігі енді тарихта қандай атаумен белгілі болды? (Византия)
8. Ғұн қоғамында бұқа ненің нышаны болды? (күш пен билік)

ІІ топ.
1. Еуропалық тарих ғылымында ғұндар қандай атпен белгілі болды? (халықтардың ұлы қоныс аударуы)
2. Аманат дегеніміз не? Юечже еліне аманатта болған кім? (кепілдікті білдіреді, Мөде)
3. Ғұн қоғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атқа ие болды? (Аспан ұлы)
4. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады? (б. з. б 55 ж)
5. Ғұндардың негізгі қаруы? (садақ, найза)
6. Оңтүстік ғұндар кімдерге бағынышты болды? (Хань империясы)
7. Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын қалай атады? (ақ ғұн)
8. Ғұн қоғамында бұғы ненің нышаны болды? (бақыт пен жақсылық)


Скачать


zharar.kz