Математика және физика журналдары

Скачать

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы
орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Қожабай Айсұлу

Электронды көбейту кестесі және оның тиімділігі

Үстіміздегі ғасыр –жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Қазақтан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу делінген. Бұл міндетті шешу үшін мектеп ұстаздары күнделікті іздену арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге жол алатындай жаңа тәжірибелік, әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді, керекті жерінде дұрыс пайдалана білу керек.

Оқытудың жаңа технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, мұғалім оқыту барысында қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушының терең білім алуына жағдай жасайды. Қазіргі кезеңдегі ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Қазіргі уақытта математиканы оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісін ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі. Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға бағытталған. Математиканы оқытудың дағдылы әдістемесін компьютерлік қолдау арқылы толықтыру жақсы нәтижеге жеткізері анық.

Оқытудың компьтерлік технологиясы көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен дербес жұмыстарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады екен.
Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының жадына, эмоциясына, ынтасына, қызығушылығына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге көмектесіп, оқушының танымдық және жұмысының өнімділік әрекеттерін қайта құру шартын қалыптастырады. Өз бетімен жұмыстар мақсатына орай 3-сынып оқушылары үшін дәстүрлі көбейту кестесін құрғақ жаттаудан гөрі белсенді әрекет барысында жадына сақтауға электрондық құралды жасап, оны пайдаланудағы жақсы нәтижесін баяндағалы отырмын.

Адам мәдениетінің маңызды элементі болып саналатын математика саласындағы көбейту кестесін компьютерлік сүйемелдеуде пайдалану мүмкіндігі бар
Электрондық құрал жасаудағы мақсат – әрбір баланың өз бетімен жұмыс жасап нәтижеге ұмтылуын, математика пәніне деген қызығушылығының артуын және мұғалімге, ата-анаға көмекші құрал ретінде пайдалану.
Электрондық құралдың құрылымына тоқталатын болсақ, бұл құрал көбейту кестесіндегі кез-келген санды таңдап, оған қатысты қайталау, білімін бекіту және пысықтау әрекеттері стандартқа сай міндетті деңгейдегі оқушылар үшін қарастырылған.

Электронды көбейту кестесінің ерекшелігі:
- интеркативті байланыстарды қамтамасыз етеді. Бұл арада жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асырылып отырады. Қателер жіберілсе тез арада түзетуге болады;
- қажетті ақпаратты жедел түрде ала алады, яғни көбейтінді қосылғыштармен алмастырылып, суреттермен көркемделеді;
- нәтижесінде автоматтық бақылау өзіндік бақылау жүргізу және бақылаудың нәтижелері бойынша түзетулер енгізуге мүмкіндік беріледі.

Электронды құралдың алғашқы беті Көбейту кестесі деген тақырып және “Автор” , “Жұмыс жасау алгоритмі” , “Бастау” деген батырмалар берілген. (1-сурет).

(1-сурет) (2-сурет).
Автор батырмасы арқылы электронды құралды жасаған автормен танысуға болады.

(3-сурет)
Ал “Жұмыс жасау алгоритмі” батырмасын шерту арқылы электронды құралмен жұмыс жасау алгоритмімен танысасыз.
Ал Бастау батырмасы арқылы оқулықпен жұмыс басталады. Бұл жерде қажет сандарды ( 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) таңдау батырмаларында маустың сол жағын бір рет шерту арқылы сол санға сәйкес жұмыс алаңына өтуге болады. (4-сурет)

4-сурет
Сәйкес сан таңдалғаннан кейін сол санға байланысты Қайталаймын , Білемін , Көмек , Тазала , Шығу батырмалары орналасқан форма кездеседі.

(5-сурет). Егер Қайталаймын батырмасын таңдасаңыз, онда таңдаған саныңа сәйкес мәні берілмеген көбейтінді көрсетілетін алаң пайда болады. Қажет көбейтіндінің тұсына барып маустың сол жағын бір рет басса, сол сандардың көбейтіндісінің мәнін білуге болады. (6-сурет).

6-сурет
Ал Білемін батырмасын таңдаса, онда оқушы өзі ұяшықтарға көбейту кестесін сәйкес мәндерін пеннетақтадан жатқа енгізеді. Егер дұрыс болса енген сан көк түсте қалып, ал қате болса қызыл түске айналады. (7-сурет).

7-сурет
Компьютерлік оқыту жағдайында дұрыс емес шешімдер кері психологиялық әсер туғызады, сондықтан қателікке оқушыда қарсы реакция туғызбас үшін арнайы түсініктер беріледі. Қате жауап қате болып қалай, дұрыс жауабын біліп алуға болады. Қатемен жұмыстың екі жолы бар. Бірі- көмек батырмасы, екіншісі- қайталаймын батырмаларын пайдалану. Енгізген саның қате болып яғни қызыл түске боялса, көмек алуға болатын жағдай үшін қарастырылған. Енді осы жерде оқушыға Көмек батырмасы арқылы қателескен көбейтінді мәнінің дұрыс жауабын алуға мүмкіндік болады. (9-сурет)

(9-сурет)
Көмек батырмасын шеркен кезде пайда болған алаңнан қажетін таңдайсыз. Ол үшін қате болған көбейтіндіге сәйкес ұяшықты екі рет шерту арқылы PowerPoint бағдарламасына ене аласыз. Санға сәйкес суреттермен және дыбыспен түсіндірме жүргізіледі.

10-сурет
Сәйкес суреттер арқылы көбейткіштер қосылғыштармен алмастырылып нәтижесін алу дыбыспен берілген. Тыңдап болған соң терезені жауып, жұмыс алаңына қайтып келе аласыз да, қате жауапты әдеттегідей өшіріп, дұрыс жауапты енгізесіз. Ал қайталаймын батырмасын қлолдана отырып қажет көбейтіндінің мәнін жанындағы бос ұяшықта маустың сол жақ батырмасын бір рет шерту арқылы ала алады.
Өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыруға мүмкіндік берілген. Ол үшін Тазала батырмасы қарастырылған. Яғни енгізген жауаптарыңыз өшіріліп, жаңа жауап енгізуге дайын болады.

(11-сурет)
Тазала батырмасын маустың сол жағын бір рет шерткенде барлық енгізу алаңдары тазаланады.
11-сурет
Әрі қарай жұмысты жоғарыдағыдай етіп жүргізе бересіз.
Тапсырма батырмасы арқылы келесі формаға өтіп, үш түрлі есепті шығара алады. Есептер математика пәніндегі стандартқа сәйкес алынған. Егер есептегі бос ұяшыққа енгізген саны дұрыс болса, онда дұрыс ал, дұрыс болмаса дұрыс емес деген жауаптар беріледі. Ойына қайта түскен жауабын ұяшықты тазалап, қайтадан енгізуіне мүмкіндік берілген. Егер қайтадан енгізген жауабы дұрыс болса дұрыс деген жауапты алады.

12-сурет
4 санына байланысты көбейту тапсырмаларынан мысал келтірейік.
Бос ұяшықтарға сәйкес санды қойыңдар:
№1-есеп
4 х = 32
№2-есеп.
4 х 7 = 4 x +
№3- есеп. Салыстырыңдар:
4 х 4 4 x 3
Әрине мұғалім 3-сынып оқушыларына көбейту кестесін бұрынғы технологиялрын пайдаланып та 100 %-ке игерте алады. Дегенмен осы электронды құралды пайдаланған жағдайда оқушының тез үйренуі, өз бетінше жұмыс жасауына ықпалы зор. Бұл құралды үйдегі компьютеріне қондырып, ата-ананың бақылауымен жұмыс жасауына да мүмкіндік бар. Яғни мұғалім үшін көмекші құрал қызметін атқарады.

Мектебіміздегі 3-сынып оқушыларының өткен оқу жылында осы құралды пайдаланып жақсы нәтиже бергендігін атап айтамын. Эксперименттік нәтиже бойынша шын мәнінде оқушылардың қызығушылығы артып, тез бейімделіп, қайта-қайта әрекетке көшу барысында есте сақтау қабілетінің артқаны, сынып оқушыларының 91 пайызға дейінгі бөлігі өз бетімен жұмыс жасап, нәтижеге жылдам жеткендігін бастауыш сынып мұғалімдері атап көрсетті. Ал оқушылардың 9 пайызы да көмек көрсетіле отырып көбейту кестесін игергендігі айтылды.
№ Оқушылардың қызығушылығы Уақытты тиімді пайдаланудағы рөлі Есте сақтау қабілеті Өз бетінше жұмыс жасауға бейімделуі
Дәстүрлі үйрету
Электронды құралды пайдалану

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және эксперименттік-зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушының өз бетімен оқу мәдениеті қалыптасады
Білімнің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек білімге ғана тән. Қазақстан елінің өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуының ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Жасалған электронды көбейту кестесі ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында қолданылатын жаңа түрдегі құрал бола алады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Visual Basic ортасында программалау.
Ж. Динисламов, Қызылорда 2004 ж.
2. Информатика негідері журналы
2009, №5, 2010 , №2, 2009 , №2, 2011 , №2
3. Математика және физика журналдары
4. Математика оқулығы3-сынып


Скачать


zharar.kz