Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты: Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру.
1. Білімділігі: Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: Көліктердің жеке бөліктерімен таныстыру.
3. Тәрбиелілігі: Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа баулу.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, тақтамен жұмыс.
Көрнекі құралдар: Көліктер: машина, автобус, жүк машинасы, ұшақ, кеме.
көлік - транспорт, ұшақ - сомолет, кеме - корабль.
Мотивациялық – қозғаушы
Психологиялық сәт:
Армысың алтын күн!
Армысың асыл жер!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне менің қолым!
- Балалар осы алған жылуымызбен, күш - қуатымызбен оқу қызметіні бастаймыз.
Таңдандыру сәті:
(бейне таспадан машиналардың гүрілдеген дауыстары естіледі)
- Балалар бұл ненің дауысы?
- Дұрыс айтасыңдар бұл машинаның дауысы бұл машинамен келген кім екен бәріміз есік жаққа қарайықшы.
- Балалар, бізге қонаққа қонжық келіп тұр. Ол бізден көмек сұрап келіпті.
- Кәне қонжықпен амандасайық.
Тәрбиеші қонжықтың дауысын салып сөйлейді:
Балалар маған машинаның түрлері және олардың пайдасы туралы айтып беріңдерші?
Сурет бойынша әңгімелесу:
- Балалар бәріміз тақтаға қарап, суретте қандай көлік түрлері бар екенін анықтайық.
1 - сурет:
Машина, автобус, жүк машинасы, туралы әңгімелесу.
- Балалар, суреттегі көліктердің аттарын атайықшы?
- Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?
2 - сурет:
Жеңіл машина және жүк машиналары туралы әңгімелесу.
- Балалар мына екі машина туралы не айтуға болады?
- Екеуінің қайсысы жүк машинасы?
- Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
Көліктер жүктеу