Әнұранның авторы кімдер

Скачать

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздері – ұлт мақтанышы
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын орындайды.
Никита:
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді Ту болмады дегенге?

Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.

Гректің гимн сөзі қазақша ұран , ұран салу деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Тәрбиеші: Әнұранның авторы кімдер?
Алинұр: Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен. 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Илья:
Бүгінгі күні мемлекеттік туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимараттарының алдында әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер, ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинисттеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшылар еліміздің туын көкке көтере желбіретіп, қуантып жатқаны да белгілі.
Никита: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Ұлықпан:
ҚР Мемлекеттік Туы – тік төртбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар Онда қошқар мүйіз деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Күн, күн шапағы, қыран, ою – алтын түстес.
Тудың ені - 1метр, ұзындығы – 2 метр. Зеңгір көк түс (түркілік наным – сенім тұрғысынан алғанда – тәңірлік түс)- дегенді білдіреді. Жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді
Ән: Көк тудың желбіреуі

Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Тәрбиеші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Ал, балалар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

Тәрбиеші: Олар қандай мағынаны білдіреді?
Люба: Көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Султан: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның қара шаңырақ деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Индира: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Өмір: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
Игорь:
- ҚР - ның Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлімнен тұрады.
98 - баптан тұрады. 9 - бабында: ҚР - ның Мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен бекітіледі. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.
Тәрбиеші:
Бүгін міне сіздерге Ешқашан жалықпайық , Білім алу жолында талмайық , Бір – бірімізге дос – бауыр деп қарайық дегім келеді. Сонда ғана өз отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз.
Олай болса біз отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
- Өте жақсы балалар. Өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3. Қазақстан көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
6. Президенттің жұмыс орны
7. Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
8. ҚР Конститутция күні қашан?
9. Рәміздерге нелер жатады?
10. ҚР туында не бейнеленген?
11. Тудың авторларын ата
12. Әнұранның авторлары кімдер?

Өлең, тақпақтарды жатқа айту.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет - ғұрыпты, салт - дәстүрді қастерлеу болып табылады. Ендеше сіздерді өз Отанымыздың алдында ант қабылдауға шақырамын.
Ант
Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - құрмет, кішіге - ізет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін.
Тәрбиеші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.

Алматы облыстық №1 балалар үйі
Тәрбиеші: Аюбаева Айнұр Ақанқызы


Скачать


zharar.kz