Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
М. Әуезов атындағы орта мектепте
бастауыш сынып мұғалімі
Булекбаева Гульжан Еркешовна
Тақырыбы: Қарттарым - асыл қазынам
Мақсаты: Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Өлеңді мәнерлі оқуға дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, шарлар
Жүрісі:
Интертақтада тақырыбы жазылып тұрады.
Мұғалім:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - соқпақ, сөзі - нәр.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! 3 - сынып оқушыларының қатысуымен Қарттарым - асыл қазынам атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1 - Жүргізуші
Мерекеңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
2 - Жүргізуші:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
1 - оқушы:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
2 - оқушы:
Аймалайды Күнім деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
Тәтті - ақ дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
1 - жүргізуші:
Ата - ардақты тұлға. Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
2 - жүргізуші:
Әже - ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы - қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. Жан жүрегім, жарығым деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
3 - оқушы:
Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
Немере екен тәтті екен.
4 - оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
5 - оқушы:
Ата - әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: Сағындым әже өзіңді
1 - жүргізуші:
Қазақтар – Төріңнен қарт кетпесін деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз.
2 - жүргізуші:
Қазақ ғұрпындағы ата - ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
6 - оқушы:
Қарттық - деген қасиетті ұғым бір,
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.
Балалардың болашағын аңсаған
Бойларында бір керемет жылу жүр.
7 - оқушы:
Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір - бір дастан.
8 - оқушы:
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-
1 - жүргізуші:
Ата - әже ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.