Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайысыңдар

Скачать

Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көлік және жол белгілері
Сабақтың тақырыбы: Жол
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 5. О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
5. О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет - журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.
Құндылықтарға баулу
• жауапкершілік;
• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу сабағы, дене шынықтыру, технология.
Осыған дейін меңгерілген білім: Дүниетану.
1. 1. 4. 4. Жолда өзін - өзі ұстау ережелері, жол қозғалысын реттейтін жол белгілерін білу.
Сабақтың бастапқы кезеңі
Ұйымдастыру жұмысы.
Қызығушылықты ояту.
Ынталандыру.
Көңілді шеңбер .
- Балалар, шеңберде қалай тұру керек?- деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады.
Топқа бөлу. Қима қағаздар ұсыну (темір жол, әуе жол, автомобил жол, жол).

Сабақтың ортасы
Сабақтың мақсатын айтып кетемін.
Бүгінгі сабақтың кіріспесінде мәтін алды тапсырма беріледі. Оқушылар берілген бейнефильмді көреді. Сабаққа болжам жасайды.
Миға шабуыл әдісі.
• Бұл бейнефильм сабаққа қатысы қандай деп ойлайсыңдар?
• Кімнің қандай ой бар?..
Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайысыңдар?
Мәтіннің тақырыбын беріп, болжам жасату, мәтін не туралы болуы мүмкін екенін түртіп жазып болжам кестесін жасау.
Ассоциограмма әдісі. Жол сөзіне қатысты тірек - сызба құраңдар..
Бүгінгі тақырыптың Жол екенін айтып, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады.
Оқушылардың алдына бағалау критерийлері беріледі.

Мектеп: Көктөбе ЖОББМ
Мұғалімнің аты - жөні: Солтанова Анар Амиргаликызы
Жол. Көлік және жол белгілері жүктеу


Скачать


zharar.kz