Алтын тәж Білімділер сайысы

Скачать

Тақырыбы: Алтын тәж Білімділер сайысы. 3 сынып

Мақсаты: Оқушылардың әр пәндер бойынша білімдерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.Танымдық қабілеттерін дамыту,ой-өрістерін, дүниетанымдарын кеңейту.Шапшаңдыққа,ізденімпаздыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтары: интерактивті тақта.

Барысы:
1. Сайыс шарты:
I. Іріктеу туры 3 кезеңнен тұрады.1-кезеңге бірінші қатар, 2-кезеңге екінші, 3- кезеңге үшінші қатар оқушылары қатысады. Экранда көрсетілген 5 тақырыптың сұрақтарының әр түрлі құны бар. Егер таңдаған тақырыптың сұрағына дұрыс жауап берілсе, сонша ұпай қосылады, ал жауабы қате болса, сонша ұпай шегеріліп тасталынады.Тақырыптарды таңдау кезекпен жүргізіледі. Барлық тақырыптардың сұрақтары таңдалып біткен кезде ең көп ұпайға ие болған бір оқушы II турға өтеді.Ұпайлардың есебін санау комиссиясы жүргізіп отырады. Ол алдын ала сайланып қойылады.
II. турға өткен 3 оқушыға сұрақтар қойылады.Жинаған ұпайлары есептелініп отырады.

III турға өткен 3 оқушының әрқайсысына экрандағы 6 ұяшықтың екеуін таңдауға мүмкіндік беріледі. Ұяшық таңдалған соң, ол ашылмай тұрып, мұғалім сәйкес сұрақты оқиды. Оқушының жауабының дұрыс немесе бұрыс екендігі экрандағы ұяшықтың ашылуы арқылы тексеріледі. Дұрыс жауапқа 100 ұпайдан беріледі, қате жауапқа 100 ұпай шегеріледі. I І турдан жинаған ұпайлары IІІ турда сақталып, одан әрі есептеле береді.

ІV турда экранда 7 түрлі тақырып берілген. 3 оқушы кезекпен кезек ұнатпаған тақырыптарын алғызып тастайды. Ең соңынан бір тақырып қана қалады. Сол тақырыптың сұрағы оқылмас бұрын, әр оқушы жеке-жеке ставка жасап, қағазға жазып алдарына қояды. Сосын сұрақ оқылады. Ойлануға 30 секунд беріледі. Жауабын жазбаша түрде қағазға жазып береді. Уақыт аяқталғанда жауаптарын және жасаған ставкаларын көтеріп көрсетеді. Егер жауабы дұрыс болса, жасаған ставкасы ұпайына қосылады, жауабы дұрыс емес болса ставкасы ұпай санынан шегеріледі. Ең сонында кімнің ұпай саны көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.

I тур
1-қатар
Математика
1 тоннада неше килограмм бар? (1000кг)
Ұзындығы 4м, ені 2м бөлменің периметрін тап (12м)
1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет. 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут қажет? (5мин)

Ана тілі
Қына тасқа бітеді,... (Білім басқа бітеді)
Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
Даналық - өшпес жарық, ...,(кетпес байлық)
... (Жүріңдер іздеп тауып алалық та).


Скачать


zharar.kz