Әріп саныкөжесәнәкешана

Скачать

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Г г дыбысын таныту. Г дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, дыбыстық талдау жасауға үйрету, оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Ойын, суреттер, талдау.
Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, буындар, интер тақта

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Ой – жүйрік, тіл шебер
Танытса шындықты
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
1 сл. Қайталау - білім анасы

II Үй тапсырмасын сұрау
1) Өткен сабақтағы өлеңді мәнерлеп оқыту.
(Кім кінәлі өлеңі)
2) Өлең мазмұнымен жұмыс
а) Өлеңдегі балалардың атын жазу
ә) Кінәлі кім? (Елемес)
б) Елеместің әрекеті дұрыс па?

3) Өткен сабақты қорытындылау.
− Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? − Ү ү
− ол қандай дыбыс? − Дауысты, жіңішке
2 сл. 1. Дыбыс және әріп кестемен жұмыс.

Сөздер ----------- Дыбыс саны ---------- Әріп саны
көже
сән
әке
шана

2. Адасқан буындар ойыны.
түл ----- рек
жү ------ кі
түй ----- ше
күл ----- ме

буыннан сөз, сөзден сөйлем құрау, тақтаға жазу.
3сл. Оқимыз, үйренеміз, білеміз.

III. Жаңа сабақ. Г г дыбысы мен әрпі.
1. Жұмбақ шешу.
Қыр басында әрқилы,
Сары теңіз толқиды.
(егін)
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
(жүгері)
Егін, жүгері сөздерін буынға бөлу.
е - гін, жү - ге - рі
екінші буында қандай дыбыс естіліп тұр? Г г
Г г дыбысымен таныстыру.
Г - дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысына ұқсас.
г - жіңішке, ғ - жуан, ұяң.

4сл. Алдына буын қосу арқылы кісі атын құрап жазу.
.... гүл
....
....
5сл. Күш білімде, білім кітапта.

IV Оқулықпен жұмыс
а) Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасату.
ә) Бағандағы сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру.

6сл.
V Ақ көгершін өлеңі
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
ә) Оқушыларға оқыту
2. Өлеңмен жұмыс
а) Өлеңге А. Жұбанов ән жазғандығы туралы, көгершін ерекшелігіне тоқталу.
ә) көгершін сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
7сл
VI Сергіту сәті
Ақ көгершін әнін тыңдап, билеп бойды сергіту.
8сл.
VII Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс.
1. Жазу жолындағы әріптерді жазу.
2. Буындық диктант.
та, га, са, ра, ге, гіз.

9сл. Білімнің бәрін меңгерсек
Білімпаздық бізге тең келмек.

VIII. 1. Г әрпі бар сөздерді үйге орналастыр
Киіз үй - неге, бақыт, егін, кереге, сағат, құс, егіз, жүгері
2. Бағалау.
Үйге: Өлеңді жаттап, бағандағы сөздерді оқып келу.


Скачать


zharar.kz