Білім саласы: Таным
Бөлім: Қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыру
Тақырып: Біреу, көп
Мақсат: Біреу және көп қарапайым математикалық ұғымымен таныстыру. Заттарды саны бойынша салыстыра білуге үйрету. Логикалық ойлауларын, сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту. Тобы үшін мақтаныштық сезімін ояту. Достыққа, бірлесіп жұмыс атқаруға, ойнауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: топ ішіндегі ойыншықтар, аралар фото суреті, аюдың бетпердесі
Сөздік: Паровоз, вагон
Іс - әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті - оятушылық
- Тобымызда бүгін балалар не деген көп. Кім бірінші болып келді? (Айжан) Сол кезде тобымызда біреу-ақ бала болды. Одан кейін тағы бір бала, сосын тағы да бір бала келді. Сонымен бізде қазір қанша бала болды? (көп) Ал неше тәрбиеші бар? (біреу)
Балалар жауабы
Ұйымдастыру - іздеушілік
Паровоз ойыны. Паровозым пойызым, қане кімнің бойы ұзын?(тәрбиешінікі) олай болса мен паровоз боламын, ал сендер менің вагоным боласыңдар. Қазір өз тобымыздың ішінде саяхатқа шығып келеміз. Неше паровоз бар? (біреу) Ал вагондар қанша? (көп)
Ойыншықтар аялдамасы.
- Балалар бұл аялдамада ойыншықтар қанша екен? (көп)
Бірінші сөреде неше ойыншық отыр? (біреу) Екінші сөреде неше доп көріп тұрмыз? (біреу) үшінші сөреде қанша машина бар екен? (көп) Үлкен машина қанша? (біреу) Ал кішкентай машиналар қанша екен? (көп) Бәрекелді. Жарайсыңдар! Келесі аялдамамызға жол тартайық.
Қуыршақтар аялдамасы. (үлкен және кіші қуыршақтар арқылы салыстыру жұмыстарын жүргізу)
(Осылайша кітаптар, ыдыс - ақтар сынды аялдамалар жасап ойынды жалғастыруға болады).
Сергіту сәті ретінде Жөндеу жұмысы ойынын ойнаймыз. Барлығымызға орын жетті ме? (иә) Жөндеу жұмысы бастайық.
Қолымызбен алақанды соғайық көп рет
Бір аяқпен секіреміз бір рет
Отырып тұрайық көп рет.
Қолымызды көтерейік бір рет.
Аю мен аралар ойыны. Бір балаға аюдың бетпердесі кигізіп, аю етіп таңдаймыз. Қалған балалардың барлығы ара болады.
- Балалар неше аю көріп тұрмыз. (біреу) Ал аралар қанша?(көп) (Аю аралардың балын ұрламақ болған үшін, аралар аюды қуалайды.)
Бірінің артына бірі вагон құрап тұра қалады
Сұрақтарға жауап береді
Ойыншықтар бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізеді
вагондар (балалар) жөндеу жүргізетін жерге келіп, бір - бір орындыққа отырады
ара болып аюды қуалайды.
Аю мен ара ойынын ойнайды
Қорытынды - түзетушілік
Балалар сендердің ойындарыңды терезеден аралар көріпті. Сендер өте тамаша ойнаған үшін, олар сендерге өз бейнелері бар фото суреттерін терезенің алдына қойып кетіпті. Аралар қанша Фото суреттерін беріпті? (көп) Ал мұнда үлкен ана араның фото суреті бар екен. Неше үлкен ара?(бір) Неше ара балаларының суретін алдық?(көп)
(Топтағы біреу және көп заттарды атата отырып, қорытындылауды балалар жасайды.)
Балалар жауабы.
Үміттенген нәтиже:
Білу: заттардың саны бойынша біреу және көп болатындығы туралы білу
Болу: біреу және көп қарапайым математикалық ұғымы туралы білімдері
Еп: сұраққа нақты жауап беру, салыстыру жұмыстарын істей білу ебі