Қызылорда облысы, Айнакөл ауылында тұратын 100 жастағы Раушан Ағыбаеваның шашы қарайып, кезінде түгел түсіп қалған тістерінің орнына жаңасы шыға бастапты деп хабарлайды Қазақстан - Қызылорда арнасы.
Әжесінің самайындағы қара шашты бірінші болып кішкентай немелері байқап қалған екен. Ал әжейдің балалары болса бұл құбылысқа таңғалып отыр.
" 100 - ден асқан адамның тісі шығып, шашы қараяды екен. Өткен жылдың қараша - желтоқсан айында аузым ауырады деп айта берді. Аузын жаймен ашып көргенімізде төменгі жағынан тіс шығыпты", - дейді ғасыр жасаған әжейдің ұлы.
Кейуана 17 құрсақ көтеріп, оның тоғызын аман - есен жеткізген. Әжейдің бүгінде 31 немересі, 38 шөбересі мен 11 шөпшегі бар.