Сабақтың тәрбиелік мақсаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Оттегінің химиялық қасиеттері
Сабақтың білімділік мақсаты: Оттек мысалында химиялық элементтің қасиеттерін оқып үйрену, білімге құштарлығын арттыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, ғылыми бағытта түсіндіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Химия пәні талап етілетін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа , жауапкершілікке тәбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жану процесінің мағынасы мен мәні жайлы оқушылар көзқарасын дамыту, жай заттардың физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, оларды жіктеудің негізгі мазмұнына ұқсастығы мен айырмашылығын көңіл бөлу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:баяндау, кітаппен жұмыс, деңгейлі тапсырмалар арқылы модульді оқыту элементтерін пайдалану
Сабақтың жабдықтары: спиртшам, ұстағыш, стакан, сіріңке, зертханалық қасық.Оттегі толтырылған ыдыс, слайд.
Реактивтер: көміртегі, күкірт, темір, парафин, спирт.
Техникалық құралдар:компьютер, графпроектор, сызба кестелер.

Сабақтың жоспары:

1.Психологиялық даярлық
Оқушылардың отырған қатарлары бойынша топтарға бөлу.Бірақ бұл топтық жарыс емес, оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру, ұйымшыл да көпшіл болуға тәрбиелеу мақсатында бөлінеді.
І топ – Білгірлер тобы
ІІ топ – Алғырлар тобы
ІІІ топ – Тапқырлар тобы

2.Үй тапсырмасын тексеру
1) деңгейлік тапсырма, білімді қабылдау, оны орындау.
№ 1 блок
Тақтадағы плакат арқылы тексеріледі.
2) Деңгейлік тапсырма беру, берілген үлгі бойынша реакция теңдеулерін аяқтау.


Скачать


zharar.kz