Топта күтушімен қалдыру

Скачать

Пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Сабақтың тақырыбы: Еңбек тәрбиесі
Сабақ мақсаттары: 1. Білім алушылардың мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері және ерекшеліктері туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін айқындап, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың даму мазмұнын ашу, меңгерту.
2. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан - жақты үйлесімді етіп дамыту.
3. Білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырыққа, өзара жақсы қарым - қатынастағы көңіл - күйге, алғырлыққа тәрбиелеу және өмірде тиімді пайдалана білу.

Ұйымдастыру кезеңі Фишбоун әдісі
Сұрақтар:
1. Ситуация дегеніміз не?
2. Неміс философы К. Ясперс жағдаяттарды нешеге жіктеді?
3. Жағдаят бұл құндылықтар жиынтығы деген ғалымдар -?
4. Баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі түрлі бағытта көрсеткен орыс психологы -?
Педагогикалық ситуациялар
№1 топ: Балабақшаға таңертең келген Қанат терезе алдында тұрған гүлді көтеріп басқа жерге қоймақшы болып оны құлатып, сындырып алады. Ол қобалжып, тәрбиешіге болған жағдайды айтып берді. Тәрбиеші мұқият тыңдап алып, былай дейді: Жақсы, Қанат, сен бүлдіріп алып айтып бердің. Қазір біз оны екі қызбен бірге ретке кетіреміз . Тәрбиеші баланың қылығына басқа балалардың назарын аударып, өзі кінәсін мойындағанын айтып берді.
Сұрақ: Педагогтың тәрбиелік тәсіліне баға беріңіз. Құрбыларының ортасында Қанаттың қылығын мадақтау арқылы тәрбиеші не мақсат көздеді.
2 топ: Айгүл балабақшаға екі күн ғана келді. Тамақтануға отырған кезде Айгүл тек қана компотты ішетінін айтты. Тәрбиеші онымен келісті, бірақ қыз өзі алып келген қуыршағын тамақтандыруды ұсынады. Қуыршағым кеспе ішпейді. Ол да компотты жақсы көреді , - деді. Педагог не істеу керек?
Ұсыныс: Айгүлді өз еркімен қалдыру, кешке ата - анасымен сөйлесу.
Айгүлді қызықтыру мақсатымен басқа балалардың тамақтанғанын көрсетеді. Ауырып қалмас үшін тамақ ішу керектігіне көзін жеткізеді.
3 топ: Үш жасар Марал серуенге шығуға өзі киіне бастады. Бірақ, жейдесін, колготкиін айналдырып кигенше басқа балалардан қалып қойды.
Не істеу керек?
Ұсыныс: Маралға тез киінуге көмектесу. Өзі киінгенше күте тұру. Топта күтушімен қалдыру. Сіздің ұсынысыңыз?

Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі
Оқытушының аты - жөні: Хайруллаева А. Б.
Еңбек тәрбиесі жүктеу


Скачать


zharar.kz