Аққу күйі комп

Скачать

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Музыка пәні мұғалімі Аралбаева Бибинур Толендыевна

Тақырыбы. Бейбітшілік, бақыт белгілері Қазақстан комзиторларының шығармаларында

Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталау, жаңа тақырып бойынша жаңа әнмен танысу, күйді тыңдау барысында жұмыс істеу; вокалдық және хормен ән айту әдіс - тәсілдерін дамыту, оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншіліктерін ояту.
Қолданған муз. шығармалар:
1. Сакура жапон халық әні Хиросима балетінен, композитор Ғ. Жұбанова
2. Аққу күйі комп. Н. Тілендиев
3. Ақ когершін әні комп. А. Жұбанов

Сабақтың көрнекілігі:
Композиторлардың портреттері: Ғ. Жұбанова, А. Жұбанов, Н. Тілендиев; аққу, тырна, ақ көгершін құстардың бейнелері; дискілерге жазылған муз. шығармалар; муз. центр, пианино аспабы, видео жазбалар, проектор.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, дауыстарына муз. жаттығуларды жасау, сабақтың тақырыбын айту.
2. Өткен тақырыпты бекіту
- Мен орындаған әуенді тыңдап, ол әуен сендерге таныс па, қалай аталады екенің айтасындар. (ж. х. ә. Сакураны орындаймын) –(б. жауаптары)
- Бұл ән не туралы? Жапон халқының қандай дәстүрімен байланысты - (б. жауаптары)
- Қай композитордың шығырмасында осы ән кездеседі? – Ғ. Жұбанованың Хиросима балетінде.
- Балет деген не? Хиросима балеті не туралы?-(б. жауаптары)

- 1945ж., тамыз айында Жапонияның екі қаласының үстінен АҚШ мемлекеті атом бомбыларын тастады. Мыңдаған адамдар жазықсыз қырғынға ұшырады. Жапон халқының бір аңызы бойынша тырна құсы армандарын орындайды, елге бақыт пен жақсылық әкеледі. Кімде - кім қағаздан мың тырна жасаса, сол адамның арманы орындалады, бақытты болады. Хиросима балетінде Юки деген қыз өзінің әке - шешесіне қағаздан көп тырналарды жасап сыйлаған, бірақ мыңға саны жетпеген екен, Хиросимаға тастаған бомбыдан Юки анасымен қаза болған.
- Композитор Ғ. Жұбанова осы шығармасымен нені айтқысы келген? – Атом жарылыстары адам өміріне қайғы, өлшеусіз зиян келтіреді. Сондықтан, бүкіл әлемде атом бомбылары жарылмасын, мәңгілік бейбіт өмір болсын дегісі келді.
- Жыл сайын атом жарылысы болған қасіретті күнін бүкіл жапондықтар еске алып өтеді. Бұл күні жапон балалары қағаздан ақ тырнаны жасап сыйға тартады, дүние жүзінің бар халықтарына бақыт, ұзақ өмір т. б. тілектерді айтып тілейді. (осы кезде қағаздан жасаған тырнаны балаларға көрсетіп, тақтаға ілемін)

3. Жаңа сабақ
- Жер шарында бүкіл халықтар әрине бейбіт өмір сүруін қалайды, бейбітшілік белгісін басқа құстарға теңейді. Мысалы: үнді халқы үшін бейбітшілік белгісі – тауыс құсы, жапондықтарға тырна болса, көптеген халықтарға бейбіт өмірдің рәмізі болып – ақ көгершін құсының бейнесі саналады. Дүние жүзінің прогресшіл жастары 20 - ғасырдың ортасында бейбіт өмір үшін, атом жарылыстарына қарсы қозғалыс бастады, Дүниежүзінің Жастар фестивальдары өтті. (видео Фестиваль ) Сол фестивальдардың рәмізі ақ көгершін болып саналды. Көптеген композиторлар Ақ көгершін рәмізіне арнап шығармаларын жазды. Ол шығармалардың біразы – әндер. Осындай әндердің біреуі – Ақ көгершін әні, атақты Қазақстан композиторы Ахмет Жұбанов жазған ән. Бүгін біз осы әнмен танысамыз.(Тақтаға ақ көгершін бейнесін ілу.) Оқушылармен бірге әннің сөздерін оқып, өлең не туралы екенің сипаттау. Содан кейін әннің әуенімен танысып, жаттау жұмыстарын өткізу, мәнерлеп орындатқызу).
- Ал, қазақ халқында сұлулықтың, тазалықтың, бақыттың белгісі болып саналатын құс – аққу. Аққу құсын қазақ халқы өте құрметтеген, көптеген әндер, күйлер осы құсқа арнаған. Бүгін біз әдемі құсқа арналған күй тыңдап көреміз. (Тақтаға аққудың бейнесін ілу.) - Авторы – атақты Қазақстанның композиторы. Нұрғиса Тілендиев, дарынды композитор, дирижер, домбырашы - күйші. Кезінде фольклорлық - этнографиялық Отырар сазы оркестрін құрып, өзі сол оркестрдің бас дирижері болды. Жазған шығармалардың ішінде көптеген әндер, күйлер, романстар, поэмалары бар. ( Аққу - видео жазбада күйін тыңдатқызып, сипаттама беру: көңілі қандай, нені бейнелейді, күйдің екпінінде өзгерістері бар ма, олар нені суреттейді?)

4. Қорытынды шығару
- Біз бүгін не білдік, не үйрендік? Қандай жаңа шығармалармен таныстық? Қандай құстардың бейнесімен байланысты осы шығармалар? (ақ көгершін, тырна, аққу )
- Осы құстардың аттары ненің белгісі деп айтуға болады: (оқушылардың жауаптары арқылы мына схеманы шығару)
Тырна, аққу, көгершін

Бақыт
Достық
Бейбіт
Әділеттік
Жақсылық
Сұлулық
Адалдық
Тазалық

Сабақтың аяғында оқушыларға ақ қағаздан тырнаның бейнесін қалай жасау керек екенің көрсетіп, әр балаға жеке таратқан парақ қағаздан тырнаны жасату. Дайын тырналарын балалар бір - біріне тілектерің айтып сыйға тартады.
5. Оқушылардың сабаққа қатысуларын бағалап, үйге тапсырма беру.


Скачать


zharar.kz