қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекіліктер: слайдтар, сызба - нұсқа, тақырыпқа арналған кесте - плакат, тақта, бор, оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
*оқушыларды түгендеу;
*оқу құралдарын тексеру;
*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
(видео)
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ.
Павлодар облысы, Май ауданы,
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Солтанова Анар Амиргаликызы
Толық нұсқасын жүктеу