Етістіктің сұрағын жаз

Скачать

Қазақ тілі. 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты: білімділігі: Етістік туралы білетіндерін еске түсіру. Етістікке сұрақ қоя білуге, сөйлем ішінен етістікті таба алуға, етістікті қатыстырып сөйлем құрауға, етістіктің сөздермен байланысын сызбамен көрсете алуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын арттыру, тапқырлыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу, татулыққа, бірлікке ұмтылдыру.
Сабақ көрнекілігі: суреттер топтамасы, сөздер тобы, кестелер, сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ тың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, ойындар, топтық сайыс, тест, салыстыру, топтастыру, семантикалық карта.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру.
II. Өткен сабақты пысықтау. Шыбықтар отырғызу ойыны арқылы пысықталады.
1-шыбықта - Тәуелдік жалғауы туралы не білесің? 2-ші шыбықта – көз сөзін жекеше түрде тәуелде. 3-ші шыбықта – сабын сөзін көпше тәуелде. 4- шыбықта - мына сөздердің қай жақта қалай тәуелденіп тұрғанын түсіндір.
Өзені, табиғатым, кілттерің, анамыз.
Неше шыбық отырғыздық?( 4 ) Төрт санына байланысты қандай нақыл сөздер білеміз? Төртеу түгел болса, төбедегі келер. Төрт құбылам түгел болсын.
Иә, осылайша әрбір күнгі тапсырманы түгелдей орындап, меңгеріп жүрсек, білім жолындағы төрт құбыламыз түгел болады екен.
Жаңа сабақ.
Қазір қай мезгіл? Неше айдан тұрады? Айларды ата. Ендеше осы ай аттарын иеленіп үш топқа бөлінеміз. Бірінші топ - Наурыз. Екінші топ - Сәуір. Үшінші топ - Мамыр. Енді ребус шешелік.(Етік, тіс, үтік.) Бірінші сөзден соңғы әріпті, екінші сөзден алдыңғы екі әріпті, үшінші сөзден бірінші әріпті алып таста. Шыққан сөз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Етістік.
Ойын Көктем гүлін тереміз
Бірінші топ - Етістік дегеніміз не?
Екінші топ - Етістіктің Сұрақтарын ата.
Үшінші топ – Етістікке сөздер ойла.

1-жаттығу. Суреттер топтамасы арқылы қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады? Тірі табиғат бұрышы . Бірінші топ – Әңгіме құрастыр. Екінші топ – Әңгімеге ат қой.. Үшінші топ – Етістіктерді тап, сұрақ қой.
2-жаттығу. Бірінші топ – Жұмбақты оқып, шешуін тап. Екінші топ – Етістіктерді теріп, тақтаға жаз. Үшінші топ – Аққу туралы нақыл сөздер тауып айт.(Аққу киелі құс. Аққуды атуға, досты сатуға болмайды.)
3-жаттығу. Өз бетіндік жұмыс. Сөздерді сипатына қарай екі топқа бөліп жаз. Ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты.
4-жаттығу. Шығармашылық жұмыс. Қонды, ұшты, жауды, секірді, тасыды.. Бірінші топ – Осы сөздерге сөйлем құрап айту.
Екінші топ – Сөйлемдерді кезектесіп тақтаға жазу.
Үшінші топ - Етістікке сұрақ қойып, астын сыз.
5-жаттығу. Сәйкестендіру тест арқылы.
Бие ----- қоздайды
Сиыр --- боталайды
Қой ----- құлындайды
Ешкі ---- бұзаулайды
Түйе ---- лақтайды
Бірінші топ – Тиісті сөзбен сәйкестендір, төрт түліктің атасын ата. Екінші топ – Сәйкестендіріп тақтаға жаз, төрт түліктің пайдасын айтып бер.. Үшінші топ - Сөздердің байланысын сызбамен көрсет, қай малды қалай шақыратынын айтып бер.
6-жаттығу.
бие, түйе, ит, тауық, қой, сиыр, ешкі, шошқа, мысық, есек
Мөңірейді. Мияулайды Үреді Қыт-қыттайды Кісінейді Бақырады Маңырайды Боздайды Ақырады Қорсылдайды

Ой қозғау. Егер мен сиқыршы болсам не істер едім? (Егер мен сиқыршы болсам, ну орман әзір етемін. Егер мен сиқыршы болсам, кең жайлау орнатар едім. Егер мен сиқыршы болсам, төрт түлік мал өсірер едім. т. б)

Топтық сайыс. Өз атыңды қорғап шық! (Бес сөйлеммен жауап бер.) Бірінші топ – Наурызда не болады, не істелінеді? Қар ериді. Күн жылынады. Аналарды құттықтаймыз. Наурызды тойлаймыз. Көже пісіріледі.. Екінші топ – Сәуірде ше? Жер жыртылады. Егін салынады. Құстар келеді. Ұя жасалады. Мал төлдейді. Үшінші топ - Мамырда ше? Бірінші мамыр мерекеленеді. Жеңіс күні тойланады. Ардагерлерді құттықтаймыз. Су тасиды. Жаңбыр жауады.

Топтастыру. Ортақ етістігін тап.
Бірінші топ ---- Екінші топ ---- Үшінші топ
Күн -------------- ою ----------------- киім
Есік -------------- мұз ---------------- іс
Құшақ ---------- терезе ------------ бәйге

Қорытындылау. Терме диктант.
Бірінші топ:- Етістікті теріп жаз...(Ала, су, қалады, тас, бөлді, алтыншы, жалғанды)
Екінші топ - Етістіктің сұрағын жаз.... (Қанша? Не? Қандай? Не істеді? Қай? Не қылды? Кім? Қайтті?)
Үшінші топ - Етістігі бар сөйлемді жаз. (Қызыл доп. Сурет салынды. Жанар биледі. Жүлде берілді).

Бағалау.
Үйге тапсырма беру.


Скачать


zharar.kz