Формулалар ауылы ойыны

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушыларға қышқылдардың құрамын, физикалық, химиялық қасиеттерін оқып үйрету, оксидтердің жіктелуін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру
Дамытушылық – оқушылардың ой - өрісін, қышқылдардың адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химиялық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды топқа бөлу арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сыйластыққа, құрметтеуге, пікірталас жасауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: СТО, Заттар мемлекеті , Сынау зынданы , Формулалар ауылы ,
Сабақтың түрі Аралас
Сабақтың негізгі дерек көздері: Интербелсенді тақта, слайдтар, Химия әлеміне саяхат , суреттер, плакат, маркер, стикерлер

Оқыту нәтижелері: Қышқылдардың химиялық формуласын біледі. Қышқылдардың жіктелуін оңай ажырата алады, қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін үйренеді.

І Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударту. Ынтымақтастық атмосфераны орнату. Оксидтер , Негіздер , Қышқылдар болып топтарға бөліп аламыз.
ІІ Өткенді қайталау:
Еске түсіру: 8 мин
Үй тапсырмасын тексеру
1. Заттар мемлекеті ойыны. Бұл ойында молекуласында атомдар саны ең көп заттардың формулаларын табыңдар
2. Формулалар ауылы ойыны. Бұл ойында оксидтердің формулаларды үйшікке орналастырады.

ІІІ Жаңа сабақ:
Түсіну:
Тақырыпқа шығу 6 мин. Сынау зынданы бойынша берілген формуланың ішінен оксидті босату керек. Яғни оксид жаңа сабақтың тақырыбы екенін білеміз.
Қышқылдардың алынуы, жіктелуі, қасиеттері
1. Лездік сұрақтар
● Қышқылдардың құрамы неден тұрады?
● Басқа күрделі заттармен салыстырғанда қандай айырмашылық бар?
● Қышқылдардың атауы мен формуласын қалай жазамыз?
● Қышқылдар дегеніміз не?
● Қышқылдар қандай химиялық элементтен басталады?
● Қышқылдар құрамында ортақ қандай ұқсастық бар?
● Қышқылдар туралы білім бізге не үшін қажет?
2. Төмендегі кестеге сәйкес келетін қышқылдардан мысалдар келтіріп, толтырыңдар.

3. Қышқылдардың алынуы
А) Қышқылдық оксидтерді сумен әрекеттестіру
Ә) Сутекті металл еместермен әрекеттестіргенде оттексіз қышқыл түзеді
Б) Тұздарды қышқылдармен әрекеттестіру

Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері. жүктеу


Скачать


zharar.kz