Жұлдыздар тобы

Скачать

Тақырыбы: Әкеммен, анаммен
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ата – анамен бала денсаулығын нығайту.
2. Спортшылар арасындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы екенін түсіндіру және оны сақтауды басты балық екенін ұғындыру.
3. Сенімділікке, қайсарлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгінгі өткізілетін Әкеммен, анаммен атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! – дей отырып ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
1. Жұлдыздар тобы
2. Тұлпар тобы
3. Балапан тобы
4. Ботақан тобы тобы
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Балабақша директоры: Турганбаева Нұрсауле Тұрақбайқызы
2. Балабақша әдіскері: Алибекова Зарина Әлібекқызы
3. Балабақша медбикесі: Тлегенова Ақшагүл
4. Балабақша шаруашылық меңгерушісі: Избасарова Сабина Серікқызы

Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы)
2. Кім жылдам (кедергілерден өту)
3. Кенгуру (қаппен секіру)
4. Мерген (допты дәлдеп құрсауға салу)
5. Арқан тарту (қазақ халқының ұлттық ойыны)

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер
1. Кезең Таныстыру
Шарты: әр команда тобының атын, ұранын айтып, эмблемасын тағып шығуы керек.
Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
Денсаулық – терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда – дей отырып, сайысымыздың 2 – ші кезеңіне кезек берейік.

2. Кім жылдам
Шарты: қолымызда доп, кедергілер арасынан мүдірмей өтіп, допты келесі ойыншыға береміз. Ойын осылайша қайталанады.

Жүргізуші: Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай жеңістерге
Үшінші кезең

3. Кенгуру
Шарты: қапты киіп кеглидің арасымен ирек жасай жүріп, айналып келу.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Сен болмашы еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан да, еңбек ет – дей отырып келесі кезеңге өтейік.

4. Мерген
Шарты: қолымыздағы допты құрсауға дәл салуымыз керек.
Жүргізуші: Шынығамыз біз күнде,
Тынығуды білмейміз.
Шаршамаймыз біз мүлде,
Ойын ойнап әр күнде.
Бесінші кезеңге де жеттік.

5. Арқан тарту
Шарты: екі командадан бірігіп тартып, ұтқан команда келесі топтың жеңімпазымен арқан тартысып әрі қарай жалғастырады.
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думандатып жүріңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті спортшылар, ата – аналар жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі Әкеммен, анаммен атты спорттық эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz