Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пернетақтамен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін шыңдау мақсатында тың материалдармен қамтамасыз ету. Оқушыларға пернетақта пернелерінің атқаратын қызметтері туралы толық мағлұматтар беріп білімдерін нығайту, білік дағдыларын кеңейту.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетін ұлғайту, ұқыптылыққа, тазалыққа жетелеуді оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа технология элементтерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Sin kaz - 1, 1 модуль электрондық оқулығы, кеспе қағаздар, бағалау парағы.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Практикум элементі бар түсіндірмелі - көрнекілікті.
Пән аралық байланыс: Еңбекті қорғау
Сабақтың материалдық - техникалық жабдықтары:
Компьютер, интерактивті тақта, проектр, пернетақта, тышқан.
Программалық дидактикалық қамтылуы.
Оқу ЕТ кабинеті, электронды оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау Миға шабуыл
2. Жаңа сабақты түсіндіру “Ой тастау”
Пернетақта 4 бөліктен тұрады.
1. Әріптік сандық бөлік
2. Жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері
3. Жетек пернелері Ғ1 - Ғ12
4. Сандық бөлік - Num Lock
Компьютердегі экран пернетақтасын ашып, жұмыс жасау үшін:
Пуск --- Все программы --- Стандартные --- Специальное возможности --- Экранная клавиатура
Қосымша пернелер:
Басқарушы перне
Alt
Ctrl
Shift
Esc - пернетақтада болдырмау әмірін растайтын перне
Tab - мәтінді оңға, ортаға, шеткері жылжытады және кестеге кестелер қосуға, меңзерді ұяшықтан ұяшыққа ауыстыратын перне
Caps Lock - әріптерді бас әріптермен жазатын перне
Num Lock – сандық әріптерді түсіреді.
Enter - пернетақтада енгізу әмірін растайтын батырма, жаңа парақ ашуға көмектесеті. Мәтінді жаңа жолдан бастайды.
Home - Жүгіргіні ағымдағы жолдың басына апаратын перне
End - Жүгіргіні ағымдағы жолдың соңына апарады.
Ctrl Home - Жүгіргіні ағымдағы парақтың басына апарады.
Ctrl End - Жүгіргіні ағымдағы парақтың соңына апарады