Қолдары белдерінде

Скачать

Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы
МҚКК Айгөлек балабақшасының тәрбиешісі:
Смагулова Назия Зайкеновна

Білім беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы: Айшаға қонаққа барамыз (2 - 3 жас)
Мақсаты: Бір орында екі аяқпен секіру; жайлап, жылдам жүру; тастардан, тақтайшалардан аттап жүру; доға астынан, гимнастикалық орындықтан еңбектеу; қораптың үстіне шығып түсу; дербес қимыл – қозғалыс әрекетін дамыту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Көрнекіліктер: қуыршақ, кішкентай орындық, тастар (ішінде құмы бар қаптар 20*12 см), кілем ені 20 см, доға, қорап биіктігі 15 см, леген суымен, тік шыршалар биіктігі 50 см, кішкентай ағаштан жасалған саңырауқұлақтар, себет.
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар! Бізге Айша деген қуыршақ қонаққа келді. Әне, Айша ана жерде отырады. Жүріңдер, біз Айшаға бұл жолмен барайық. Тастардан аттап өтіңдер. Қуыршақ Айша қандай сұлу!
Айша: (тәрбиеші қуыршақты қолына алып, оның атынан сөйлейді)
Мен орнымда отырып,
Бәріңе бір қарадым!
Қалай сендер тез жүрдіңдер
Сүрінбей де жығылмай!
(Балалар бытырап, шашылып тұрады, қуыршақ балалардың жанында тұрады).
Тәрбиеші:
Айшаға екі балапан
Келді, келді қонаққа
(Екі аяқтарын кезек – кезек көтереді).
Әтеш етігімен,
(1 - 2 етігімен дегенде иіледі, 3 - 4 қайрадан бастапқы қалыпқа (Б. Қ.) келеді. (4 - 5 жолы)).
Тауық сырғасымен.
(Б. Қ.): бос тұру. 1 - 2 қолдарын көтеру, керіліп - созылу; 3 - 4 қайрадан (Б. Қ.) келу
(3 жолы).
Ата үйрек шапанымен,
Ана үйрек көйлегімен.
(Б. Қ.): Қолдары белдерінде. Оңға, солға бұрылу (3 - 4 жолы).
Ал сиыр белдемшемен,
Жылы қысқа тонымен.
(Екі аяқтап секіру).
Бәрі бірге жиналып, тату жүгіре бастады.
(Балалар шашырап жүгіріп, сосын асықпай жүреді).
Тәрбиеші: Балалар, сендер бәрің азаматсыңдар! Айша серуендеуді жақсы көреді. Сендерді серуендеуге шақырып жатыр. (тәрбиеші қуыршақты қолына алып, оның атынан сөйлейді): Сендер тез - тез еңбектеңдер, бірақ жолдан таймаңдар!

Негізгі жаттығу:
Еңбектеу, доға астынан еңбектеп қорапқа жету, қораптың үстіне шығып, қайта түсу (2 - 3 жолы).
Негізгі жаттығулардан кейін көрнекілер алынып, шыршалар қойылады, оның жан - жағына саңырауқұлақтар қойылады.

Тәрбиеші:
Айшамен бардық тоғайға,
Тоғайда өседі шыршалар.
Шыршалардың қасында
Саңырауқұлақ қаптаған.
Жинап теріп алайық,
Себетке тез салайық.
(Балалар саңырауқұлақтарды бір - бірден теріп себетке салады).
Тәрбиеші: Саңырауқұлақтар қалай көп! Себетіміз әбден толды. Алақандарың кірлеп қалыпты, жүріңдер, бұлаққа қолымызды жуайық.
(Балалар легендегі суға қолдарын жуады. Байсалды музыка фонограммасы ойналады).
Тәрбиеші:
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, қолдарың.
Тазалықты сақтаймыз,
Жалқаулыққа бармаймыз!
Тәрбиеші:
Ал енді қолымызды құрғатамыз, аузымызға ауа жұтып, алақандарымызға үрлейміз. Кұрғаттыңдар ма? Азаматсыңдар! Балалар, қатты жел соғып жатыр, тез қолдарыңды жасырыңдар, қолдарың тоңып қалады. (Балалар қолдарын артына жасырады, тәрбиеші қатты үрлейді (2 - 3 жолы)) Азамат! Бәріміз жақсы ойнадық, енді үйімізге қайтайық!
(Жайлап жүру)

Күтілетін нәтиже:
Доға астынан, гимнастикалық орындықтан, тақтайдың астымен еңбектей біледі; тақтайша, текшелерден аттап жүреді; бір орында 2 аяқпен секіреді.


Скачать


zharar.kz