«Сарбаз сағынышы»
Әні: Есмурзаев Сағынғали
Сөзі: Есмурзаев Сағынғали
Орын: Есмурзаев Сағынғали
1. Әскерге аттанардың алдында.
Еліме борышымды өтесем,
Деп әндетіп жүргенде ауылдан
Қосылдым мен сарбаздар санына.
қ- сы:
Ай хай сарбаздардың аяқ басуы –ай!
Е-е-ей қайта оралмас өткен күндер- ай,
Ай хай арулардың сыңғыр күлкісі- ай!
Е- е- ей естен кетпес сол бір түндер-ай.
2. Айтамын сәлемімді бар туған
Отаным бау- бесігім еліме,
Ай санап күндер жылжып барады-ай
Анашым бір өзіңді сағындым.
қ-сы:
3 .Найза мен қалқан ұстап қолына
Қорғады жерімізді бабалар,
Желбірет көк байрақты жас ұлан
Қырағы сен сарбазы елімнің.
қ- сы: