Сабақтың тақырыбы: Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға көлдер, олардың пайда болу ерекшеліктерімен, маңыздылығы жайлы білім беру, Қазақстанның ірі көлдерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жеке бастарының танымдық қабілеттерін, географиялық сөз қорларын дамыту. Картамен жұмыс жүргізуде іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, экологиялық тәрбие бере отырып, табиғатқа ұқыптылықпен қарап, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақ беру әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, картамен жұмыс, іздену, түсіндіру, проблемалық сұрақтар
Сабақтағы көрнекі құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, Балқаш, Алакөл көлі бейнефильм, интерактивті тақта, кестелер мен сызбалар, атлас, кескін карта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Бүгінгі сабақта
Қазақстан көлдеріне жалпы шолу
Қазақстанның ірі көлдері жайлы мағлұматтар
Қазақстан бөгендері.
Назарларын сабаққа аудару.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Өзі - өзі бағалау парағы
1 - тапсырма. Географиялық диктант (5 минут)
Қазақстан өзендері
Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты........ өзен бар. Олардың ішінде...... өзеннің ұзындығы 1000 км - ден асады. Олар:...,....,...,...,...,...,.... Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы........, Қазақстан территориясындағы ұзындығы..... болады. Өзендер бірнеше алапқа бөлінеді. Атап айтсақ:.............,............,...........,............ Каспий теңізі алабының ұзын өзені -....... Ол......... қоректеніп, көктемде тасиды. Іле өзені -............. тауларынан басталатын....... және........... өзендерінің қосылуынан пайда болады.
Қазақстан өзендері
Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ұзындығы 1000 км - ден асады. Олар: Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы 4248км, Қазақстан территориясындағы ұзындығы 1700 км болады. Өзендер бірнеше алапқа бөлінеді. Атап айтсақ: Солтүстік Мұзды мұхит алабы, Каспий теңізі алабы, Арал теңізі алабы, Балқаш – Алакөл алабы. Каспий теңізі алабының ұзын өзені - Жайық. Ол қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Іле өзені - Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болады.