Атырау қаласы,
№8 Ақбота шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы.
Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Тақырыбы: Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Мақсаты: Жас жеткіншек ұрпаққа Ұлы Отан соғыс жылдары мен қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыра отырып,. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, оларды қадірлеуге, қастерлеуге, Отанын сүюге, оны қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу, ардагерлерге деген сүйіспеншіліктерін, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, адалдыққа, ерлікке еңбек сүйгіштікке баулу.
Жүру барысы: День Победы әнімен балалар залға жалауша, шарлармен шеру жасап кіреді. Әуенге сай қимылдар жасайды.
Жүргізуші: Жеңіс күні бар адамға әйгілі
Көктем шуақ 9 май күні
Айтшы, кәне біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Құтты болсын жеңіс күні ағайын,
Көптен күткен ұлы күнге жар салайын.
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар. Бүгін міне, көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Ұлы жеңістің 70 жылдық көктем де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан, бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жанын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдар, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Бұл сұрапыл соғысқа әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, 40 елдің жерін соғыс өртті шарпыды. 100 миллиондаған адам қолына қару алды. Ана баласымен, қыз жігітімен қоштасты. Елге қатер төнді. Бейбіт халықтың денесі жараланды.\
Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар,
Кеудесінен ұрса да отты жалын.
Қан кешкенде майданда бабаларым
Қан көрмесін ұрпағым балаларым.
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан жаса жараларын.
Батырлықтың қашанда тұрағы – елі,
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік тәрбие тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.