Бүгінгі қазақ спортының дамуы мен жетістіктерін насихаттау

Скачать

Тақырыбы: Қазақстан спорты
Мақсаты: Бүгінгі қазақ спортының дамуы мен жетістіктерін насихаттау. Оқушыларды спортты сүюге баулу.
Түрі: танымдық, шығармашылық
Әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ – жауап, ойтолғау
Көрнекілігі: Бүгінгі қазақ спорты презентация, слайд
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз
3. Топтық жұмыс
4. Менің сүйікті спортым ойтолғау
5. Қорытынды
Қазіргі қазақ спортының дамуына халқымыздың асыл мұрасына айналған көкпар, қыз қуу, белбеу тартыс, арқан тартыс, күрес сынды ұлттық ойындар ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардың аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың борышы деп санаймыз. Сонымен, еліміздің елеулі спорттық жетістіктерінің шежіресін есімізге түсіріп көрейік. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін. Бұған дәлел ретінде тарихтан білетін қазақ халқының мақтанышы Қажымұқан Мұңайтпасұлының, Балуан Шолақтың, Серік Қонақбаевтың жетістіктерін айтуға болады.
2. Топтық тапсырма
Ұлытау тобы
Тапсырма: Қажымұқан Мұңайтпасұлының спорттық өмірбаяны
Топтың жауабы: Бала кезден Мұқан күреспен айналысып, түрлі жиындарда, той - томалақтарда қарсыластарымен белдесіп, жеңіске жететін. Уақыт өте келе, Мұқан кәсіпқой балуан болып, халықаралық жарыстарда қазақтың намысын қорғаған. Спорттық мансабында Мұқан 28 мемлекетті аралап, қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан.
Қажымұқан секілді Балуан Шолақ та күрес өнерінің хас шебері еді. Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың композиторлық дарыны да болған. Балуан 14 жасында күресті ермек етіп, жеңіс тұғырынан талай рет көрінетін. Орыстың палуаны Иван Кореньмен бақ сынасып, оның қабырғасын сындырған еді. Сол кезде қазақ батыры 35 еді.
Жезқазған тобы
Тапсырмасы: Бокста жеткен жетістіктеріміз қандай?
Топтың жауабы: Еліміздің былғары қолғап шеберлері жеңіс шыңдарынан талай рет көрінген, әлі де көрінетініне сенеміз. 1996 жылы АҚШ - тың Атланта қаласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында Василий Жиров қарсыласын тізе бүктіріп, ақтық сында алтын медаль еншілеген. Ал Болат Жұмаділов болса, кеудесіне күміс алқа тағып, Сиднейдегі Олимпиадада дәл осы көрсеткішті қайталаған. Сол Олимпиадада Мұхтархан Ділдәбеков күміс алқа тағып, бірнеше рет Азия мен әлем чемпионы атанған.
Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Еркебұлан Шыналиев, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев сынды батырларымыз Олимпиада ойындарында бақ сынасып, маңдайлары жарқырап, алға шықты.

Сарыарқа тобы
Тапсырмасы: Олимпиада жүлдегерлері жайлы баяндаңдар
Сиднейдегі Олимпиада жарысында Ольга Шишигина аруымыз алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Әлия Юсуповадай көркем гимнастика өнерінің хас шебері жайлы айтпай кетпеу мүмкін емес. Әлия 2004 жылы Афины қаласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында жеңіске жетпегенімен, еліміздің ұлттық біріншіліктерінде қатарынан бес рет топ жарған. Қазіргі кезде Әлия өз жеке мектебін ашып, кішкентай шәкірттеріне гимнастиканың қыр - сырын үйретіп жатыр.
2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында Аслан Житкеев күміс медаль еншілесе, Теңізбаев Нұрбақыт грек - рим күресінен қола медаль таққан. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшылардың есімдері анықталды. Илья Ильин, Зульфия Чиншало мен Майя Манеза, Серік Сапиев, Ақжүрек Таңатаров, С. Подабедова сияқты арландарымыз еліміздің абыройын асқақтатты.
Менің сүйікті спортым ойтолғау
Қорыта келгенді, бүгінде Қазақстан – спорт державасына айналды. Әр Олимпиада ойындарында екі - үш алтыннан олжа салып жүрген Қазақстан бокс, ауыр атлетика, күрес түрлерінен әлемдік державалардың санатына ілікті. Қазақстан тұңғыш рет қысқы Азиада ойындарын қабылдап, Азия елдері арасында 32 алтын, 21 күміс, 17 қола, барлығы 70 медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Алла қаласа, 2017 жылы әлемдік универсиада қабылдаймыз. Біз бұл жетістіктердің бәрі – зор мәртебе


Скачать


zharar.kz