Қарағанды облысы,
Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл
Сабақтың тақырыбы: Дина С. Бақбергенов
Сабақтың мақсаты: 1. Күй атасы Құрманғазы мен оның талантты шәкірті Дина жөніндегі оқушылардың білетіндерін жаңа мәліметтермен толықтыра түсу.
2. Өнер адамдарына құрмет сезімдерін туғызу.
3. Эстетикалық қызығушылықтарын арттыру.
4. Қиялын дамыту, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. (Ән – Күй).
Сабақтың типі: Жаңа ұғым.
Сабақтың әдісі: Ақпараттық техниканы пайдаланып түсіндіру.
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
– Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Техникалық дайындық жасау.
ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыбы : Жаяу Мұса . (авторы Зейтін Ақышев)
3-4 баладан үйге берген тапсырманың толық мазмұнын сұрау.
Слайд № 1 Пысықтау Бәйге ойыны арқылы.
1. Әңгімеде кімдер туралы айтылған?
2. Шоқанның нағашысы кім?
3. Шоқанның досы кім еді?
4. Мұса Байжановтың бойында қандай өнер бар?
5. Мұсаның өнері қай кезде танылды?
6. Жаяу Мұса атану себебін түсіндіріп көр?
Жаяу Мұса туралы сұрақ қоя отырып, сынып оқушыларынан жауап алу.
Өмірмен байланыстыра отырып жаңа сабаққа көшу.
Слайд № 2 .Сұрақ – жауап.
Балалар біздің сыныпта осы Мұса ағамызға ұқсаған әнші кім бар?
Қазіргі кезде теледидардан қандай телешоу жүріліп жатыр?
Сендер қай әншіні қолдайсыңдар?
Сонымен қатар біздің сыныпта домбырада жақсы ойнайтын оқушылар да бар, мұның бәрі үлкен өнер иесі деп айтуға болады