Тақырып: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Білімділігі: оқушыларға сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылыққа баулу, өз ойын жинақы түрде жеткізе білуге дағдыландыру
Тәрбиелігі: сабақ барысында орындалатын жұмыстар арқылы бірлесіп еңбектенуге, ізеттілікке, достыққа, әдептілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс,
Көрнекілігі: тірек сызбалар, мақал - мәтелдер, жұмбақтар,
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, орыс тілі
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
Ал балалар, балалар
Бәрің бері қараңдар.
Шын көңілмен назар сап
Оқысаңдар сабақты
Сендерден шығар даналар
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Зат есімнен туғанмын,
Сын есіммен тумамын
Атым менің – сан есім
Қыр - сыры мол тұлғамын
Білдіремін анықтап,
Зат, құбылыс мөлшерін
Айқындаймын тағы да
Санын, ретін, мөлшерін
Біздің сынып топтастыру
Жаңа сабақ: Қайталанбас бірін – бірі
Мағыналық түрлерім
Тіршілікте адамдардың
Менсіз қиын күндері
Топпен жұмыс
І топ Сан есімнің мағыналық түрлері
ІІ топ Есептік сан есім
ІІІ топ Реттік сан есім
Ой – Бәйге!
І топ. Құрамында сан есімі бар мақал - мәтелдер тауып жазыңдар
ІІ топ. Құрамында сан есімі бар өнер туындыларының атын жазыңдар
ІІІ топ. Құрамында сан есімі бар жұмбақтар тауып жазыңдар
Оқулықпен жұмыс. 111 - жаттығу Шарты: берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
І топ. 7, 10. 1, 3, 100
ІІ топ. 28, 37, 695, 470, 259
ІІІ топ. 627, 1992, 187, 396, 2692
Сергіту сәті
Білім мен дәстүр” сыны ойыны
І топ. Жеті ата, Жеті қазына, Жеті күн
ІІ топ. Үш арыс, үш қуат, үш жұрт
ІІІ топ. Бес жаратылыс, Бес қару, Бес асыл, бес дұшпан.
Үйге тапсырма: “Рухсыз тіл - тіл емес”атты тақырыпқа диалог құру
Бағалау: Өзіңді - өзің тексер.
Қорытындылау
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім