Білім берудегі бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді

Скачать

Оқытудағы Кембридж тәсілінің ерекшелігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл де енгізілуде. Білім берудегі бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Яғни, дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту өзгеріске ұшырауда. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім әдістемелері бойынша бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Егер жеке тұлға ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ: жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол, әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән.:
- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
- іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, - мінез - құлық әрекеттерінің жиынтығы;
- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін - өзі жете түсінуі;
- қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы; және т. б. (Г. К. Селевко).
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, таратуында. Педагогикалық технологиялар ғылымға мықтап енген. Бұл педагогикалық технологиялар оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға, танымдық процестерді – жады, ойлау, зейін, елестету қабілетін – дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, белсенді сөздік қорын, ауызша, жазбаша тілін дамытуға, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым - қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін - өзі өзектілендіру, өзін - өзі реттеу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын көреді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді. Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.


Скачать


zharar.kz