Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары

Скачать

Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат (сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларға сұрақтар беріледі:
1. Тұңғыш президент күні қай күн?
2. Қазақстан ұлттық валютасының туған күні?
3. Қазақстанның Конституциясы қай жылы қабылданды?
4. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға?
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды?
6. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары
7. Мемлекеттік тудың авторы
8. Мемлекеттік Әнұранның авторлары?

Кім жылдам?
Жай сан дегеніміз не?
Құрама сан дегеніміз не?
Кемел сан дегеніміз не?
109 саны қандай сан?
12 санының квадраты неге тең?
12 және 15 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең?
Өзара жай сандар дегеніміз не?
2 - ге қандай сандар бөлінеді?
9 - ға қандай қандай сандар бөлінеді?
287 саны 3 - ке бөлінеді ме?
3 және 9 сандарының ең кіші ортақ еселігі неге тең?
Жарысқа қатысқан оқушылардан 4 оқушы жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа қатысқан оқушылардың 1 5 - і болатын. Жарысқа неше оқушы қатысты?
Логика 1. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?
2. Ағаш үстінде жүз торғай отыр, аңшы оның онын атып алды. Ағаш басында торғайлардың қаншасы қалды?
3. Бөлменің әр бұрышында бір қоян отыр, оның әрқайсысына қарап үш - үштен қоян отыр. Бөлмеде барлығы неше қоян бар?
4. Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайыңда төрт - төрттен үлкен бұтақ бар, әрбір үлкен бұтақта төрт - төрттен кіші бұтақ бар. Әрбір кіші бұтақта төрт - төрттен шие бар. Қайыңда барлығы қанша шие бар?


Скачать


zharar.kz