5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 5. 2. 9 жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед)
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің анықтамасын біледі, қасиеттерін ажырата алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазықтықтағы сызбасына есептер құрастыра алады.
Кейбір оқушылар: Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазбасын салып, өмірдегі қолданысына есептер шығара алады.
Сабақтың басы 7 мин
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Топқа бөлу:
Ине жіп әдісі арқылы, түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздерді пайдаланып топқа бөлу: (параллелепипед, текше, квадрат)
I топ Параллелепипед
II топ Текше
III топ Квадрат
Геометриялық фигураларды қатыстырып топтар бір - біріне жақсы тілектер айтады.
3. Үй тапсырмасын тексеру (өзін - өзі тексереу).
Сабақтың ортасы 28 мин
Жаңа сабақты ашу. Миға шабуыл. Проблемалық сұрақ
1. Тік бұрышты параллелепипедтің неше қыры бар.
2. Тік бұрышты параллелепипедтің неше төбесі бар.
3. Тік бұрышты параллелепипедтің неше жағы бар.
4. Текше дегеніміз не?
Топтық жұмыс. Ойлан - жұптас - бөліс
I топ. Сіріңке қорапшасы.
II топ. Кубик - рубик.
III топ. Бор
Берілген заттың өлшемдері бойынша сызбасын сызып, жазбасын салу.
Дескриптор:
- тік бұрышты параллелепипед, текшенің ұзындықтарын, енін, биіктігін таба біледі.
- тік бұрышты параллелепипед, текшенің өлшемдерін анықтай алады.
- фигуралардың өлшемдерін қолданып, сызбасын сыза біледі.
Оқулықпен жұмыс. Қалауыңды таңда (№922)
Ақ парақтың үстінде, тапсырмалар жазылған 3 түрлі пішінде фигуралар беріледі. Топбасшылар өздері таңдап алады.
№26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы
Мұғалімнің аты - жөні: Ыбанова Г. Е
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы жүктеу