Атырау қаласы
Еркінқала орта мектебінің
қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілекқабыл Бибігүл
Қазақ әдебиеті 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин Атымтай жомарт әңгімесі
Жалпы мақсаты: 1. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы тынысады. Әңгімелерін түсініп ақын мазмұнын меңгеру. Тақырыбы мен идеясын аштыру, екі әңгімегеде арнау түйінді ойды анықтату шығармашылығын мазмұны арқылы адами ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Оқушылардың ойларын негіздеуге, өздерінің өмірлік тәжірбиелерінің қолдана білуге көмектесу
- Басқа оқушылардың пікірлерін бағалауға тәрбиелеу
- Проблемаларды пайымдау мен тұжырымдауға, бар білетін жаңа жағдайға қолдануға үйрену
- Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтау
Нәтиже:-- Әңгіме тақырыбы мен идеясын бүгінгі күнмен байланыстыра отыра өзектендіреді, әңгімелерді біріктіріп ортақ тақырыпты табады, өзіндік баға бере алады
- Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады
- Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
- Өз тұжырымдамасын жасайды. Бірлескен оқуды жүзеге асырады.
Психологиялық ахуалды қалыптастыру Өз жұлдызыңды тап (баяу музыка үні жүріп тұрады)
Шарты: Көздеріңді жұмып, әркім өзің қалаған қалыпты сақтап бос отырыңдар. Терең тыныс алып және тыныс шығарыңдар. Көз алдарыңа менің айтқанымды елестетіңдер.
Түн. Аспан толы самсаған жұлдыздар! Маңай қап - қараңғы жұлдыздардың көптігі сондай қолмен ұстағың келеді. Жұлдыздардың бірі үлкен, бірі кішкентай, бірі жарық, бірі қараңғы. Біреулерің үшін бұл бір немесе бірнеше жұлдыз, ал енді басқаларың үшін – көптеген жарқыраған нүктелер. Бұл жұлдыздар бірде саған жақындайды, бірде сенен алыстайды. Ал, сен сол жұлдыздардың ішінен өзінің ең жарық, ең әдемі жұлдызыңды таңдап ал. Ол сенің, ең жарық, ең әдемі жұлдызың, тек қана сенікі! Ол мүмкін сенің бала күнгі арманыңа ұқсас шығар, мүмкін саған ең бақытты, көңілді, жетістікке жеткен сәттерді есіңе түсіретін шығар. Тағы да өз жұлдызыңа сүйсіне қарап, оған қолыңды созып жетуге тырыс. Бар күшіңмен жетуге тырыс! Және сен міндетті түрде өз жұлдызыңа жетесің. Оны аспаннан алып, өз алдыңа қой, жақынырақ қарашы, ол қалай көрінеді? Түсі қандай екен? Осы ең әдемі, ең жарық жұлдызды алақаныңа қой да ішіңе жұт, жүрегіңе қондыр. Ол саған үлкен күш, қуат әкеледі. Аппақ ақ адал жұмысты бастауға, алдағы мақсаттарыңа жетуге күш береді. Терең тыныс алыңдар, мен 5 деп санағанда көзіңді аш.
1, 2. Сен дүниедегі ең мықты, ең дарынды оқушысың.
3, 4. Сенің жетістіктерге жетуге барлық күшін, жігеріңде жетеді.
5. Ал енді көздеріңді ашып, тақтадағы жұлдыздардың ішінен өз жұлдызыңды тауып ал да, Сүйсіне қара. Бұл жұлдыздар біздің әрбір кездесуімізде жарқырап, жылылық, мейірімділік, достық, жақсы қарым - қатынас сыйлап тұрады. Ал, кездесуден соң оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Ол сендерді табыс жолында бастап барлық сынақтар мен өмірде жетелеп бірге жүреді. Жұлдыздарға қараңдаршы олардың ешқайсысы бір - біріне ұқсамайды. Олар әр түрлі біз бен сендер сияқты.
ІІ. 1. Мағынаны тану:
Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет
2. Ойлау бутерброды Ыбырай әңгімелерін үн - таспадан тыңдатып топ оқушыларына бөліп беру, мәтінмен жұпта, топта жұмыс жасату
3. Ой - толғаныс сатысы
1. Сатылай кешенді талдау
2. Екі жақты күнделік
І топ Мейірімді бала әңгімесіне СКТ жасайды
ІІ Атымтай жомарт әңгімесіне екі жақты күнделік
4. Сұрақты тап әдісі Топ оқушылары ұяшық ішіндегі санды таңдап, берілген жауаптарға сұрақ дайындайды
Шағармашылық жұмыс (кейіпкерлерге хат жазу)
Кері байланыс Алты қалпақ
Ақ қалпақ - сабақта не білдің?
Жасыл - Неге қол жеткіздің?
- Не білгің келеді?
Қызыл қалпақ - Бүгінгі сабақ сенде қандай эмоция туғызды?
Қара қалпақ - Сабақта қандай қиындыққа кездестің?
Көк қалпақ - Не істеуге болады? Идеяларың бар ма?
Сары - Бүгінгі кейіпкердің қайсысы ұнады, несімен ұнады?
Бағалау. Формативті және сумативті бағалау. Бағалау парағындағы оқушылардың бағалауын, мұғалімнің өз бағалауы бойынша жиынтық баға шығарады.
Жақсылық тамшысы
Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы тақырыбына эссе жазу.