Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қысқа мерзімді жоспар
Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Күтілетін нәтиже: Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері туралы және презентацияны ойлап шығаруды түсінеді, слайд және презентация анықтамаларымен танысады, шығармашылық белсенділігі артады;
Сабақ көрнекілігі: АКТ, смайлик, маркерлер, жапсырғыштар, оқу құралдары.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Блум таксономиясы, инсерт әдісі, Сұрақты ұстап ал әдісі.
Кіріктірілген модульдер: Оқыту мен оқудағы көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. СТО. жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Білу. Үй тапсырмасы
Сұрақты ұстап ал әдісі
Өткен тақырыпты еске түсіру. Сұрақтар қойылады.
Түсіну. Жаңа сабақ.
Презентация ұғымы. Көрме. Бағдарламаның арналу мақсаты мен терезе элементтерімен таныстыру. Слайдтық көрсетілім арқылы тақырыпқа шолу жасаймын.
Қолдану. Компьютермен жұмыс.
Оқушылар жұпқа бөлініп, презентация жасап, оны қорғайды. Презентация тақырыбы: Күн режимі .
Талдау.
Оқушыларға интерактивті тақта арқылы сұрақтар және ребус беріледі.
Жинақтау.
Қайсысы артық? Power Point редакторына қатысты және басқа суреттер беріледі.
Бағалау.
Инсерт кестесін тарату. Жаңа материалды қалай меңгергендері сарапталады.
Үйге тапсырма §4. 17
Универсиада - 2017 қорытындысы туралы ақпарат жинап келу.
БҚО, Ақжайық ауданы,
Алмалы ауылы, Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі
КММ информатика пәні мұғалімі
Сариева Назгуль Кауысбайевна
Толық нұсқасын жүктеу