Сабақтың тақырыбы: 6 - ға көбейту және бөлу кестесі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушылардың көбейту және бөлу кестесі туралы түсінігін қалыптастыру.
• Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу.
• Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстырулар жүргізе білуге, жеке, топ болып бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
• Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, кілт.
• Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.
• Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру әдісі, себетке алма жинау, үй тұрғызу ойындары.
• Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қосу амалының компоненттерін ата.
2. Азайту амалының компоненттерін ата.
3. Көбейту амалының компоненттерін ата.
4. Бөлу амалының компоненттерін ата.
Жаңа сабақ
1. 6 - ға көбейту және бөлу кестесі.
6 6 = 6+6+6+6+6+6
6 7 = 6+6+6+6+6+6+6
…………………………………
…………………………………
2. Бұл 6 - ға көбейту кестесі
6 6 = 36 ---- 7 6 = 6 7 ----- 7 6 = 42
6 7 = 42 ----- 8 6 = 6 8 ----- 8 6 = 48
6 8 = 48 ------ 9 6 = 6 9 ------ 9 6 = 54
6 9 = 54
3. 6 - ға бөлу кестесін құрғанда 6 - ға бөлу кестесін пайдалануға болады
7. Мектептің алты кабинетінің әрқайсысына 8 компьютерден және мұғалімдер бөлмесіне 2 компьютер қойылды. Мектепке барлығы неше компьютер қойылды?
Есепті орындаған оқушы үйдің нөмірін табады.
Оқулықпен жұмыс
6. Қазақстанның “Тұрғын үй құрылыс” бағдарламасы бойынша тұрғындар жаңа үйлі болып жатыр. Бізде өз үлесімізді қосайық.
8. Амалды орында:
729 + 234 -------- (48 - 39) 6
500 - 264 --------- (19+17): 6
504 + 128 ---------- 24:(3 2)
1 6 ------------------- 20 6
6: 6 ------------------ 60: 6
6: 1 ------------------ 360: 6
9. Алмаларды себетке салайық.
54 - x=27
a+39=156
10. Суретте неше тік төртбұрыш бар? Әрбір тік төртбұрыштың ауданын тап.
13. Шаршы сызып, оны өзара тең 8 үшбұрышқа бөл.
Үйге тапсырма: 6 - ға көбейту және бөлу кестесін жаттау.
Бағалау
Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жаңа үйдің кілті тапсырылады.