Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Сабақтың мақсаты: бірлескен жұмыс негізінде жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру; берілген тапсырмаларды бір - бірімен ынтымақтастықта орындау, өзгеге қарап өзін - өзі реттей білуге үйрену, сыни ойлауға дағдылану.
Күтілетін нәтиже:
- Жаңа тақырыпты меңгереді, қосымша мәліметтер алады;
- Сыни ойлау дағдысы қалыптасады;
- Өзін - өзі реттейді.
Психологиялық тренинг
Сәлемдесу Оқушылар жұптасып, бір - бірімен әр елдің салты бойынша амандасады.
Мәселен: ағылшын, неміс, эскимос, үнді, қытай және қазақ.
Кластер
Абай – ақын, аудармашы, сазгер, прозашы
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Баспасөз тобы: ХХ ғасыр басындағы баспасөздің дамуы;
Оқу - ағарту тобы: ХХ ғасыр басындағы оқу ағарту туралы;
Шығармашылық тобы: ХХ ғасыр басындағы шығармашылықтың дамуы.
топтар берілген уақытта дайындалып, жұмыстарын ортада қорғайды .
СЕРГІТУ СӘТІ
Авторын тап .
Әр топқа үлестірме қағаздар таратылады.
Топтар авторын жасырып, тек шығармаларын ғана атайды.
Өзге топ шығарманың авторын табуы керек.
Тест жұмысы
1. Мамания мектебі қай жылы ашылды?
А) 1899
Ә) 1999
Б) 1998
2. Осы мектепте қолөнерінен сабақ берген кім?
а) Майра Уәлиқызы
Ә) М. Дулатов
Б) А. Байтұрсынұлы
3. 1914 жылы сахнада қойылған Бақытсыз Жамал кімнің шығармасы?
А) М. Дулатов
Ә) М. Көпеев
Б) М. Сералин
4. Айқап журналын шығарған кім?
А) М. Сералин
Ә) М. Дулатов
Б) С. Дөнентаев
5. Қазақ газеті кімдердің басшылығымен шықты?
А) А. Байтұрсынов
Ә) С. Көбеев
Б) А. Байтұрсынов, М. Дулатов
6. Абай салған реалистік бағытты жалғастырушы ретінде танылған?
А) М. Көпеев
Ә) Шәкәрім
Б) Н. Наушабаев
7. Әлемдік Физулидің, Пушкиннің шығармаларын өлең түрінде аударған ақын?
А) Шәкәрім
Ә) Абай
Б) Ахмет