Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып
Тақырыптар:
41. Қ. Аманжолов Дауыл
42. Ж. Молдағалиев Ар - ұят туралы
43. Қ. Шаңғытбаев Сабалақ
44. М. Мақатаев Фантазия
45. М. Мақатаев Барлығы да сендердікі , Мен таулықпын
№8 Сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қ. Аманжолов Дауыл
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, Дауыл өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өз бетінше талдау, зерттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сабақ эпиграфы: Дейсіңдер – ау Қасымның несі басым?
Қасым солай болмаса несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
(М. Мұқағали)
1. Тірек сызба арқылы ақын өміріне, шығармашылығына шолу
Қасым Аманжолов (1911 - 1955)
Өмір жолы
↓
Қарқаралыдағы қызыл деген жер
Соғысқа қатысқан
Балалар үйінде тәрбиеленген
Шығармашылығы
Өлеңдері: Поэмалары:
Сарыарқа , Ақын өлімі туралы аңыз
Ертіс
Жайық Қытай қызы
Орал Құпия қыз
Мен Бикеш
Табиғат бөбегі . Естай – Қорлығайын .
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. ұжымдық жұмыс
• Лирика түрі –
• Тақырыбы –
• Идеясы –
• Лирикалық кейіпкерге мінездеме беру
VІ. Түсінік тексеру:
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
• Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
ІІ деңгей
• Өлең құрылысына талдау.
ІІІ деңгей
• Ақынның поэтикалық тіліне талдау.
ІV деңгей
• Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы ... атты эссе жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?
VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Қ. Аманжолов Дауыл өлеңді жаттау.
2. ойтолғау жазу.
41, 42, 43, 44, 45 сабақты жүктеу
Толық нұсқасын көру