Қазақ тілі 5 сыныпСабақтың тақырыбы

Скачать

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көнерген сөздер туралы оқушыларға ізденте отырып, көнерген сөздердің мағынасын ашуға, сөйлем ішінде тура, ауыспалы мағынасында қолдана білуге үйрету, көнерген сөздер түрлерін меңгерту.
Дамытушылық: сөз мағынасын ашу, суреттер бойынша сөз атауларын табу, өз бетінше іздену арқылы оқушылар ойын дамытып, тілдік танымын, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ана тілін сүюге, сөздік қордың мол мұрасын еркін пайдалануға баулу, ұлттық дәстүрден нәр алып, халық азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық (авторлық), интерактивті тақта, ойынды жүргізуге арналған анимациялық суреттер, дыбысты жауаптар мен бейнежазулар
Сабақтың түрі: Алтын орда интерактивті ойын сабағы
Сабақтың әдістері: түсіндіру, ойын түріндегі ауызша тапсырмалар, сурет бойынша жұмыс, жазбаша жаттығулар, ауызша әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың болжамды нәтижесі: көнерген сөздерді мағынасына қарай талдап аша алатын, көнерген сөз түрлері жайлы тілдік дағдысы бар, сауатты тұлға қалыптастыру

Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару Біз бүгін тас түйін жиналып, сарбаздарша нық әрекеттермен Алтын ордаға барамыз.
- Кім біледі, Алтын орда деген не?
(тарихпен байланыс)

Үй тапсырмасын тексеру
- Дұрыс, ендеше, сапарға жиналуымыз үшін үйде қалатындарға үй тапсырмасын орындап береміз.
Бірдей сөздерден әр түрлі сөйлем шығу себебі неде? (ой мен қосымшаның жалғануында)

Жаңа сабаққа
Кіріспе
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Міне, біз енді өткенге көз салып, алға жылжуға дайынбыз. Ендеше, Алтын орда сапарына кеттік.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көнерген сөздер
Бұл сабақта көнерген сөз бен оның түрлерін меңгеріп алуға ұмтылайық.(Электронды оқулықтан оқыту, тыңдату)

Мағынаны ашу
Тас қақпа
- Міне, алдымыздан тас қақпа көрінді, балалар. Сендердің Алтын ордаға барар жолдарыңда аяулы аталарың, балалар ақыны - М. Әлімбаев ақ жол тілеп, сауалдар беріпті. Жауап беріп байқайық, бұл сөздерді ата - әжеден сұрап келу тапсырылған.
(ата - анамен байланыс, іздену)
Тұқылдық (сиыр мүйізі)
Мұрақ (хандар қалпағы)
Наруан (түйе жүнінен тоқылған кілем)
Созақ (садақтың адырнасы)
Ғалисан (өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт)
Баран (қара түс)
Пыран (батырдың сауыты)
Сұмқұла (арам шөп)
Сәру (шынар тұқымдас ағаш)
(оқушылар өлеңдете жауап беріп, сол сөздердің үстін басқанда, астынан суреттері шығу керек, соңғы сөзді айтқанда қақпа ашылады, музыка ойнайды))
Көнерген сөздер жүктеу


Скачать


zharar.kz