Тақырыбы: Отбасы.
Мақсаты: Отбасы құндылығының маңыздылығын ашу.
Міндеттері: - отбасы туралы түсінік беру;
- отбасына деген жағымды қарым - қатынастарын дамыту;
- отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі - құралдар: Суреттер.
Шаттық шеңбері: - Қайырлы таң, балалар! мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымызда отбасымыз туралы әңгімелесетін боламыз. Адам дүниеге келеді, айналасына қарап өседі, айтыңдаршы, сәби дүниеге келгенде ең алғаш кімді бірінші көреді?
- Анасын.
Көрнекілікпен жұмыс, слайд арқылы отбасы туралы түсінік беру.
Әңгімелесу: Балалар мен сендерге А. Асылбектің Жанұя өлеңін оқып берейін;
Жанұя
Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Үлкенде де, кішіде,
Жанұя бар әрбір кісіде.
Балалар Жанұя дегенді қалай түсінесіңдер?
Таулық, сыйластық, сүйіспеншілік, шаттық
Ойын: Көршіңе қуаныш сыйла атты ойын ойнатылып, көңілдері көтеріледі. Ойын ырғақты әуенмен өтеді. Ойында балалар көрші достары туралы өз ойларын айтады.
Дәйексөз: Адамға ең қымбат - отбасы деген халық даналығын бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Отбасы – бұл сенің ең жақын адамдарың: атаң, әжең, әкең, анаң, бауырың, інің, әпкең.
Дәптермен жұмыс: - Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар.(әке, ана, ата, апа, іні).
Сергіту сәті: Қимыл - қозғалыспен көрсету.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.
Қорытындылау:
- Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйрететінін білдік.
Жүректен жүрекке:
Балалар мына ойыншық жүрекшені қолымызға ұстап Н. Айтовтың өлеңін бірге айтайық:
Бір шаңырақ астында, Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.