Тұздар гидролизі Сабақтың мақсаты

Скачать

Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі
Сабақтың мақсаты: Тұздарды түзілу табиғатына қарай топтастырып, суға қатысты реакциялары арқылы тұздардың гидролизденумен таныстыру және сутектік көрсеткіш жайлы түсінік беру.

р с Сабақтың міндеттері
1. Тұздардың гидролизденуі, гидролиздену реакцияларымен таныса отырып, ерітінді ортасын анықтауды үйренеді
2. Тұздар және ион алмасу реакциялары жайлы білімдерін толықтырады, иондық теңдеулерді жазуға дағдыланады, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
3. Кейбір заттар ерітінділерінің ортасын анықтап, біле отырып ұқыптылыққа, тазалық сақтауға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйренеді
Әдіс - тәсілдер
ДЖИГСО - 1, жұппен, топпен, АКТ
ДЖИГСО, АКТ
Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: СТО, АКТ
Сабақтың әдісі: Жеке, жұппен, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,
Сабақ барысы:

Мұғалім іс - әрекеті
Сергіту сәті. жаттығу жасату
Оқушылар іс - әрекеті
Видеороликтен көрсетілген жаттығуды қайталайды
Мұғалім іс - әрекеті
І. Қызығушылықты ояту
Тұздардың түзілу табиғатына қарай топқа бөлу.
1 - Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар
2 - Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар
3 - Күшті негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар
4 - PH - сутектік көрсеткіш

Оқушылар іс - әрекеті
Мозайка құрастыра отырып топқа бөлінеді.
Үйге берілген тапсырманы талқылайды.
Мұғалім іс - әрекеті
Мозайкада келтірілген реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаздырту, тұздардың химиялық қасиеттеріне сипаттама бергізу.
Мағынаны ажырату.
Әр топқа мәтіндер беру
Мәтін бойынша тұздардың гидролиздену теңдеуін жаздыру
Берілген тұз ерітіндісінің ортасын РН - метр мен анықтату.
Жауаптарын қорғату


Скачать


zharar.kz