Альмусина Жанар Сайлауовна
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов Көктем (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қасым Аманжолов туралы мағлұмат бере отырып, Көктем өлеңінің мазмұнын ашу.
Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер , Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту , Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , АКТ.
Әдіс - тәсілдері: Қызығушылықты ояту, ой қорыту, мағынаны тану, диалогты оқыту, топпен жұмыс, сөзжұмбақ, ойын
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен жылы амандасу. Шағын үш топқа бөлу.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетеді сонда дереу жан - жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Гүлдер өлеңін жатқа сұрау.
I - топ. Наурыз .
1. Тұманбай Молдағалиев кім?
2. Ақын гүлді неге теңейді?
II – топ. Сәуір .
1. Ұйқас сөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ өлең құрастыр.
III – топ. Мамыр
1. Гүлдердің пайдасы бар ма?
Сонымен ақын гүлдер жайлы жырлаған екен. Олардың пайдасы да бар екен. Айналаға көрік береді.
Сөзжұмбақ
Балалар, бәріміз тақтадағы сөзжұмбақты шешеміз.
( Көктем сөзі шығады)
Көктем бұл жыл мезгілдерінің бірі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
Олай болса, бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың Көктем өлеңімен танысу.
Қасым Аманжолов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі, көркем аударма өнерінің де үздік шебері.
Ән салуды, домбыра, скрипкада, күйсандықта Қасым Аманжолов ойнауды жақсы меңгерген
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Біздің осындай бейбітшілік заманда өмір сүруімізге үлес қосқан аталарымыздың бірі Қасым Аманжолов.
Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл?