Мерген жұлдызына мінездемеМерген - мереке, думанның адамы деп айтуға болады

Скачать

Мерген жұлдызына мінездеме
Мерген – мереке, думанның адамы деп айтуға болады. Бұл жұлдызда туғандар өмірді ерекше сүйетін, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білетін жандар.
Оның осы қасиетіне қарап, ойын сауықтың дәл ортасында әзіл-қалжыңы аралас қағытпаларымен жұртты күлкіге қарық қылып отырған Мергенді оңай тауып аласыз. Оның бойындағы оптимистік және сөзшеңдік қасиеті де туа бітті берілген қасиет.

Серіктестері ортасында үзіліссіз сөйлеп, той думанның гүлі болып жүрген Мергендер шынай өмірде, күнделікті тұрмыста, жұмыста қуанта қоймайды. Күнделікті тіршілік олардың ішін пыстырады.
Мергеннің шектен тыс сөзуарлығы оның жағымсыз тұсы: оның соншалықты көп сөйлейтіні, айтылған сөзін ойланып үлгермейді, соның кесірінен аңдамай артық сөз айтып, серіктесін ренжітіп алуы да ғажап емес. Сол себепті кейбіреулер Мергенді әдепсіз деп жиі айыптайды, шындығында олардың табиғатында өтірік айта білу қасиеті жоқ. Мерген шынайы, шыншыл және жағымпаздануды білмейді. Басқа адамдар болса, өзіне кесірі тиетін жағдайда қулыққа салып үндемей құтыла салуы мүмкін. Ал, Мерген өкінішке орай үндемей қала алмайды, кейде бұл қасиетінің өзіне кесірі тиіп жатады.

Дегенмен де бейғам жүретін Мергенге ренжу мүмкін емес, сонымен қоса олар сүйкімді әрі бала секілді. Бала секілді Мергендер күнде қайталанып жасалатын істерді ұнатпайды, бір орында отыра алмайды, оларды түрлі жаңалықтар, саяхаттар қызықтырады.
Олар өте әуесқой, жануарларды жақсы көреді және әділдікті жақтаушы, тіпті әділетсіздікке қарсы төбелесуге дейін барады. Алайда, артық кеткеніне өкініш білдіріп, қателігін мойындай біледі.
Бала Мерген шынымен батыл, оптимист осы қасиеттері оған қорқыныш туралы ойлауға мүлде мүмкіндік бермейді.

Мергендер қауіпті спорт түрімен айналысуды немесе жоғары жылдамдықта көлік жүргізуді, тәуекелге бел буатын мамандық түрлерімен айналысқанда өздерін тамаша сезінеді.
Мергеннің табиғат күші – От, әуесқойлық болмыс барлық қырынан көрініс табады. Ғаламшары – Юпитер өмірге философиялық көзқараспен қарауға, тіршілікте ұсақ-түйекке назар аудармайтын оптимистік қасиет береді.

Ержүрек те мейірбан, жомарт та жайдары, тапқыр да адал, ақкөңіл де әуесқой, Мергеннің өмірі кемпірқосақтың түрлі - түсті бояулары секілді әдемілікке толы болмақ.

Басқа белгілерді қарау


Скачать


zharar.kz